Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Атырау облысындағы бүтін бір отбасының өлімі: ұлы...

Атырау облысындағы бүтін бір отбасының өлімі: ұлы бен қызының мәйіттері мәйітханада

Оқиға Бүгін 15:14 25
Атырау облысындағы бүтін бір отбасының өлімі: ұлы бен қызының мәйіттері мәйітханада
Атырау облысы ПД

Жангелдин ауылында бір отбасының жұмбақ жағдайда жоғалуына қатысты іс бойынша жаңа деректер пайда болды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Ерлі-зайыптының өлімі

Редакцияның ресми сауалына берген жауапта, полиция Сұлтан Сәрсемәлиев пен оның бұрынғы әйелі Ақбаянның ұсталғанын растады.

"Қазақстан ІІМ қызметкерлері шетелдік әріптестермен өзара іс-қимыл нәтижесінде Индонезиядағы Ломбок аралындағы Сенару ауылында аса ауыр қылмыс жасады деген күдікке ілінген ер адамды ұстады. Ол Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі бойынша күдікке алынған. Онымен бірге бұрын хабар-ошарсыз кетті деп танылып, халықаралық іздеу жарияланған бұрынғы жұбайы да анықталды", – делінген полицияның ресми жауабында.

Полиция ерлі-зайыпты Мақсот Қарабалин мен Нәсіп Өтешқалиеваның өліміне қатысты мән-жайды да хабарлады. Тергеу деректеріне сәйкес, екі зейнеткер 2025 жылғы қарашада өлтірілген, алайда олардың мәйіті тек 2026 жылдың 6 қаңтарында табылған.

"2025 жылғы қарашада Атырау облысында күдікті қасақана, пайдакүнемдік мақсатта және ұзақ уақытқа созылған тұрмыстық жанжалдар салдарынан алдын ала жоспарлап, екі адамды өлтірген. Ол қылмысты жасағаннан кейін ізін жасыру мақсатында мәйіттерді шаруашылық мақсатта салынған сарайдың астына көміп, қан іздерін сүртіп, сондай-ақ жәбірленушілердің мүлкі мен ақшасын иемденген", – деп хабарлады полиция.

Полицияның баспасөз қызметі отбасының кенже қызы Ақбаянға қандай айып тағылғанын нақтылаған жоқ.

Ақбаянның ағасы мен әпкесінің мәйіті қайдан табылды?

9 наурызда кешке Ақбаянның ағасы мен әпкесі - Наурыз бен Мейрамгүлдің мәйіттері Атырау маңындағы Геолог шағын ауданынан табылғаны белгілі болды. БАҚ мәліметінше, оларды бұған дейін отбасының күйеу баласы әрі басты күдікті Сұлтан Сәрсемәлиев жалға алып тұрған үйдің ауласынан тапқан.

"Ақ Жайық" басылымы мәліметінше, ер адам Индонезиядан Алматыға жеткізілгеннен кейін кісі өлтіргенін мойындап, мәйіттерді жерленген орнды көрсеткен. Бұған дейін тергеуде тек ата-анасының өлтірілгені туралы дерек болған. Енді іздеуде болған барлық адамның мәйіті табылды. Бұл ақпаратты отбасының туыстары растады.

Сараптама және жерлеу

Қаза тапқандардың туысы Әсилә Мұқанғалиеваның айтуынша, қазіргі уақытта Наурыз бен Мейрамгүлдің мәйіттері мәйітханада, онда қажетті сараптамалар жүргізіліп жатыр.

"Қазір сот-медициналық сараптама өтіп жатыр. Егер бүгін кешке мәйіттерді бізге берсе, ертең жерлеу рәсімі өтеді. Оқиға орнында туыстар бар, біз жаңалық күтіп отырмыз", – деді ол.

Ақбаян мен Сұлтанның балалары қайда?

3 ақпанда күдікті ер адамның бес кәмелетке толмаған баласы уақытша мемлекеттік қорғауға алынғаны белгілі болды.

Атырау облыстық Білім басқармасы 2 ақпанда әкімдікке полициядан шұғыл шаралар қабылдау туралы хат түскенін хабарлады. Құжатта күдіктінің бес баласын уақытша қауіпсіз жерге орналастыру қажеттігі көрсетілген.

"Махамбет аудандық кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясы үш баланы Атырау облысы білім басқармасының Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына уақытша орналастырды, ал жасы 3 және 1 жастағы екі сәбиді мамандандырылған балалар үйіне орналастырды", – деп хабарлаған еді ведомство.

Басқарманың баспасөз қызметі балалардың жағдайы тұрақты бақылауда екенін атап өтті.

Бүгін, 10 наурызда Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің баспасөз қызметі балалардың әлі де мемлекеттік қорғауда екенін нақтылады.

"Тергеу амалдарының жүргізілуіне байланысты балалардың әрі қарайғы тағдыры туралы мәліметтер жариялауға жатпайды", -деп хабарлады ведомство.

Отбасы туралы не белгілі?

66 жастағы Мақсот Қарабалин мен 64 жастағы жұбайы Атырау облысының Жангелдин ауылында тұрған. Туыстарының айтуынша, ерлі-зайыптының үшінші топтағы мүгедектігі болған және мал шаруашылығымен айналысқан. Олардың үш баласы бар - екі қызы мен бір ұлы.

2025 жылдың 25 желтоқсанында полицияға туыстары отбасы жоғалып кеткені туралы хабарлаған. Құқық қорғау органдары мәліметінше, жергілікті тұрғын өзінің ағасы, оның жұбайы және екі ересек баласы, яғни 32 жастағы ұлы Наурыз бен 35 жастағы қызы Мейрамгүл қарашадан бері байланысқа шықпай жүргенін айтқан.

Кейін отбасы үйінен шығып кеткені, содан бері олардың қайда екені туралы ешқандай ақпарат болмағаны белгілі болды.

6 қаңтарда полицейлер зейнеткер ерлі-зайыптының мәйітін тапты. Осыдан кейін құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Атырау облысы #отбасы #өлім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

СІМ қазақстандықтарға ескерту жасады

Бүгін 16:20

Грузияда жалғыз қалған қазақстандық жеті жасар қыз елге қайтарылды

Бүгін 16:11

Алматыда студенттерге "Заң мен тәртіп: қауіпсіз қоғам" тақырыбында кездесу өтті

Бүгін 15:56

Алматыда автобустардың зиянды шығарындыларын тексеру жалғасып келеді

Бүгін 15:46

Такси және жеткізу қызметкерлері алматылықтарды референдумға қатысуға шақырды

Бүгін 15:35
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі