AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Атырау облысындағы бүтін бір отбасының өлімі: күді...

Атырау облысындағы бүтін бір отбасының өлімі: күдіктілердің ұсталған сәті тарады

Оқиға 10.03.2026, 14:52 642
Атырау облысындағы бүтін бір отбасының өлімі: күдіктілердің ұсталған сәті тарады
Видео кадры

Атырау облысында бүтін бір отбасының өліміне қатысы бар деп танылған күдіктілердің ұсталған сәті тарады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Отбасының күйеу баласы Сұлтан Сәрсемәлиев пен қызы Ақбаян Мұқанғалиева Атырауға жеткізілді. Олар 9 наурызда Алматыдан ұшқан рейспен келген.

Күдіктілер 2026 жылғы 24 ақпанда Ломбок аралында ұсталған. Операцияны Индонезия Интерполының Ұлттық орталық бюросы, Солтүстік Ломбок полициясы және көші-қон қызметі бірлесіп жүргізген. Екі адам да халықаралық іздеуде болған және Интерполдың "қызыл хабарлама" тізіміне енгізілген.

Еске салайық, Атырау облысында жоғалған отбасының ұл-қызы да өлі табылды.

Басылым мәліметінше, қала маңындағы Геолог шағынауданынан Жангелдин ауылының жоғалған тұрғындары - Наурыз және Мейрамгүл өлі табылған.

"Олар бұрын күдікті Сұлтан Сарсемалиев әйелімен бірге жалдап тұрған үй ауласынан табылды. Кеше Сұлтан мен оның әйелі Ақбаян Алматыға жеткізілді. Алматыда Сұлтан Сәрсемалиев Наурыз бен Мейрамгүлді өлтіргенін мойындап, бұған дейін Геолог шағынауданында жалдап тұрған үйдің ауласына мәйіттерді көмгенін айтқан", - деп жазылған басылым дерегінде.

Осы ақпаратты алғаннан кейін Атырауда тергеушілер айтылған учаскені тағы да зерттеп, олардың денесін тапқан. Ал Атырау облысы Полиция департаменті ақпарат кейінірек берілетінін мәлімдеді.

Отбасы туралы не белгілі?

66 жастағы Мақсот Қарабалин мен 64 жастағы жұбайы Атырау облысының Жангелдин ауылында тұрған. Туыстарының айтуынша, ерлі-зайыптының үшінші топтағы мүгедектігі болған және мал шаруашылығымен айналысқан. Олардың үш баласы бар - екі қызы мен бір ұлы.

2025 жылдың 25 желтоқсанында полицияға туыстары отбасы жоғалып кеткені туралы хабарлаған. Құқық қорғау органдары мәліметінше, жергілікті тұрғын өзінің ағасы, оның жұбайы және екі ересек баласы, яғни 32 жастағы ұлы Наурыз бен 35 жастағы қызы Мейрамгүл қарашадан бері байланысқа шықпай жүргенін айтқан.

Кейін отбасы үйінен шығып кеткені, содан бері олардың қайда екені туралы ешқандай ақпарат болмағаны белгілі болды.

6 қаңтарда полицейлер зейнеткер ерлі-зайыптының мәйітін тапты. Осыдан кейін құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Атырау облысы #отбасы #өлім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қазақстанда жасанды интеллектінің дамуына үлес қосқаны үшін Дженсен Хуангты І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады

Бүгін 19:09

NVIDIA жетекшісі Президенттің жаңа өнеркәсіптік революцияның бастапқы кезеңінде Қазақстанды жасанды интеллект елі ретінде өркендету жөніндегі стратегиялық мақсатын жоғары бағалады

Бүгін 19:05

Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады

Бүгін 18:59

Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады

Бүгін 18:46

Republic Day және Bereke Fest:  жекелеген тауарларға 50%-ға дейін жеңілдік

Бүгін 18:33
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);