AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Атырау облысында атыс: бір адам көз жұмды

Атырау облысында атыс: бір адам көз жұмды

Оқиға 31.10.2021, 09:30 1,471
Атырау облысында атыс: бір адам көз жұмды
Cурет: Ашық дереккөз

Болжам бойынша, оқиға ауыл тұрғындары арасындағы келіспеушіліктен болған


Атырау облысында тасжолда атыс болып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 


«Ақ Жайық» басылымының мәліметінше, 30 қазанда сағат шамамен 19:30-да Атырау-Ақтөбе тасжолының 331-шақырымында Қызылқоға ауданы Сағыз ауылының маңында ауылдастар арасында атыс болып, алты ер адам жарақат алды, оның бесеуіне оқ тиген.


Жергілікті басылымның мәліметінше, ауылдың әр бөлігінде тұратын ер адамдар арасында жанжал шыққан.



«Зардап шеккендер Сағыз ауылдық дәрігерлік амбулаториясына жеткізілді. Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Қылмыстық кодекстің 24-99-бабы бойынша соталды тергеу басталды», – деп хабарлады Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі.



Сондай-ақ, полицейлер бес адам оқ-дәріден жараланғанын, бір адамның қолы сынғанын хабарлады. 1985 жылғы ер адам Сағыз ауылындағы амбулаториялық ауруханада қайтыс болды.



«Болжам бойынша, оқиға ауыл тұрғындары арасындағы келіспеушіліктен болған», – деді ведомстводағылар.



ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі («Адам өлтіру») бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#атыс #Атырау #қылмыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);