Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Атырау облысында 201 дәрігер жетіспейді

Атырау облысында 201 дәрігер жетіспейді

Медицина 20.07.2022, 12:40 1,536
Атырау облысында 201 дәрігер жетіспейді
Сурет: Aikyn.kz

Атырау облысының медицина саласында 201 дәрігер жетіспейді. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиев мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.


Облыстық қоғамдық кеңестің кеңейтілген отырысында медицина саласын кадрмен қамту мәселесі қаралды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиевтің айтуынша, өңірде медицина саласындағы кадр жетіспеушілігін жою мақсатында бірқатар жұмыс қолға алынған.



«Атырау облысының медицина саласында 201 дәрігер жетіспейді. Ауруханалар мен емханаларда, өзге емдеу орындарында реаниматолог, акушер-гинеколог, инфекционист, жалпы тәжірибе дәрігері, педиатр секілді жоғары білімді кадрлардың орны бос тұр. Ауылдық жерлердегі медицина мекемелеріне 40 дәрігер қажет», -деп мәлім етті басқарма басшысы Асхан Байдуәлиев.



Оның айтуынша, қазір Атырау облысында 6 747 медицина қызметкері жұмыс істейді. Оның ішінде 1 515 дәрігер, 5 232 орта буын медицина қызметкері тұрғындарға медициналық көмек көрсетіп жүр.



«Жоғары медициналық оқу орнын бітірген Атырау облысының түлектерін білікті дәрігер ретінде білімін одан әрі резидентурада жалғастыруына жағдай жасау мақсатында жыл сайын 70-тен астам грант бөліп отыр. Мәселен, 2021 жылғы желтоқсанда Атырау облысында Ақтөбе қаласындағы М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университетінің филиалы ашылды. Қазір басқа өңірлерден келген 35 резидент облыстағы медициналық мекемелерде жұмыс істеп жүр. Қабылданған осындай шаралардың нәтижесінде кадр тапшылығы былтыр 2020 жылмен салыстырғанда 11%-ға төмендеді», -деді Асхан Байдуәлиев.





Телеграм арнаға жазылыңыз
#медицина #дәрігерлер #Атырау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Астрофизик: Айға қайта оралу – ғылым үшін жаңа кезең 

Бүгін 12:01

Астрономияны білсеңіз, астрологияға сенбейсіз – астрофизик пікірі

Бүгін 11:56

Қазақстанда ғалым қанша табыс табады?

Бүгін 11:52

2025 жылғы Қазақстанның басты ғылыми жетістігі аталды

Бүгін 11:44

Адамды адам етіп қалыптастыру: Астанада өткен Nobel Fest x Teachers’ Summit форумында не айтылды?

Бүгін 11:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика