AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Атырау мұнай өңдеу зауытындағы жөндеу жұмыстары қа...

Атырау мұнай өңдеу зауытындағы жөндеу жұмыстары қашан аяқталатыны белгілі болды

Әлеумет 04.10.2022, 10:27 1,324
Атырау мұнай өңдеу зауытындағы жөндеу жұмыстары қашан аяқталатыны белгілі болды
Сурет: Kmg.kz

Мамандар бұл жұмыстың 45 күнге созылатынын айтып отыр.


Атырау мұнай өңдеу зауытында технологиялық қондырғыларды жөндеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


«Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС баспасөз қызметінің мәліметінше, 1 қазаннан бері алғаш рет технологиялық құрылғыларды кезекпен жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.



«Қондырғыларды кезекпен жөндеу мұнай өнімдерін шығаруды тоқтатпауға мүмкіндік береді. Жөндеудің мұндай тәсілі Қазақстандағы мұнай өңдеу зауыттарында бұрын-соңды қолданылмаған. Бұл – Атырау мұнай өңдеу зауытының тарихындағы ең күрделі жөндеу. Зауытта бұған дейін мұндай көлемдегі жөндеу жұмыстары болған емес. Жөндеу ұзаққа созылады. Құрылғылардың кейбірі 20 күнге жуық мерзімде жөнделеді. Ал, каталитикалық крекинг процесі жүретін ең күрделі қондырғы 45 күнге жуық уақыт жөндеуде болады. Біз тізбекті жөндеу тәсілін қолданудамыз», -деп хабарлады «ҚазМұнайГаз» ҰҚ» АҚ мұнай өңдеу және мұнайхимия департаментінің директоры Дмитрий Макеев.



Оның айтуынша, мұнайды бастапқы өңдеуге арналған екі қондырғы бар. Технологиялық қондырғылардың бір тізбегі жөндеу тоқтатылғанда, екінші тізбегі жұмыс істейді. Сол себептен, зауыттың жұмысы толық тоқтатылмайды. Жөндеу кезінде зауыт 50-70%-ға тең қуатпен өнім шығаруды және жөнелтуді жалғастыра береді.



«Алдағы уақытта зауыт жөндеуді кезең-кезеңімен, бір жылда бір тізбекті жөндеуден өткізуді жоспарлап отыр. Жөндеудің мұндай жүйесі мұнай өңдеу көлемін ұлғайтып, өнімдер санын арттыруға мүмкіндік береді. Осылайша АМӨЗ ішкі жанар-жағармай нарығына әсерін азайтып, жөндеу жұмыстары кезінде әлеуметтік маңызы бар мұнай өнімдерін шығаруды қамтамасыз етпек», -деп мәлім етті Дмитрий Макеев.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#мұнай #зауыт #Атырау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы этномәдени бірлестіктер ұрпақтар арасындағы байланысты күшейтуге қалай атсалысып жүр

Бүгін 11:31

Алматыдағы этномәдени бірлестіктер қоғамдық келісімді нығайтуға атсалысып жатыр

Бүгін 11:27

ЖИ егіс алқаптарына да жетті

Бүгін 11:21

Таңбалануға тиіс тауарлар тізімі ұлғайды

Бүгін 10:35

Ревматологқа қашан қаралу керек және неге дер кезінде бару маңызды?

Бүгін 10:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика