AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Аты-жөнін өзгерткенде ЖСН өзгермейді

Аты-жөнін өзгерткенде ЖСН өзгермейді

Заң мен тəртіп Бүгін 17:45 37
Аты-жөнін өзгерткенде ЖСН өзгермейді
Аlmaty.tv

Бұрынғы және қазіргі деректердің өзгеру тарихы сақталып қалады, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Қазақстанда азамат аты-жөнін өзгерткен жағдайда оның жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) өзгермейді. Бұл туралы ҚР Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті төрағасының орынбасары Диас Шәріпбай айтты.

ЖСН-нің берілуі

Оның түсіндіруінше, сәйкестендіру нөмірі азаматтық хал актілерін тіркеу және жеке басын куәландыратын құжаттарды беру кезінде беріледі.

– Азаматқа жаңа құжат берілген сайын ЖСН қайта берілмейді, яғни аты-жөнін өзгертіп, құжаттарын жаңартқан жағдайда да бұрынғы ЖСН-і сақталады. Тек бала асырап алу және ЖСН-ді есептеу кезінде қате кеткен жекелеген жағдайларда ғана жаңа нөмір берілуі мүмкін. Осылайша, азамат атын, тегін немесе әкесінің атын өзгерткеннен кейін де мемлекеттік цифрлық жүйелерде бұрынғы ЖСН-і арқылы сәйкестендіріледі, - деді төраға орынбасары.

Деректердің өзгеру тарихы

Оның мәліметінше, аты-жөні өзгерген кезде мемлекеттік цифрлық жүйелердегі деректер жаңа мәліметтерге сәйкес жаңартылады. Сонымен бірге бұрынғы және қазіргі деректердің өзгеру тарихы сақталып, олардың өзара байланысы қамтамасыз етіледі.

Осылайша, азамат аты-жөнін бірнеше рет өзгерткен жағдайда да бұрынғы және қазіргі деректерінің бір адамға тиесілі екені ЖСН мен деректердің өзгеру тарихы арқылы анықталатын болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #заң #министр
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ақмарал Әлназарова қайтыс болғаннан кейін донор болуға келісім берді

Бүгін 18:32

Алматыда түнгі уақытта Төле би көшесінің бірқатар учаскесінде көлік қозғалысы шектеледі

Бүгін 17:01

Алматыдағы «София» тұрғын үй кешенінде ыстық су беру қалпына келтірілді

Бүгін 15:02

Алматының Медеу ауданында Олимпийская көшесінің бір бөлігі уақытша жабылды

Бүгін 14:03

Алматыда Абай даңғылының бір бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі

Бүгін 13:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);