ffin.kz

Аты-жөніңіз өзіңізге ұнай ма?

Аты-жөніңіз өзіңізге ұнай ма? Сурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Адамның аты-жөні, тегі немесе әкесінің аты көңілінен шықпайтын жағдайлар кездесіп жатады. Ол өз атын басқасына өзгерте ала ма? Ол үшін қайда бару керек? Бұл туралы Алматы қаласы Әділет департаментінің өкілдері Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


Алматы қаласы Әділет департаментінің басшысының орынбасары Зауреш Сатхожина «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» ҚР Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілуіне байланысты туу, жасасу немесе некені бұзу туралы тиісті актілік жазбаларда атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруға байланысты өзгертуге жататын мәліметтер туралы хабарлады, аты-жөнін өзгерту туралы қорытынды негізінде енгізіледі.


Бұл ретте, бұрынғыдай аты-жөнін өзгерту туралы акт жазбасы тіркелмейді және атын, әкесінің атын, тегін өзгерту туралы куәлік берілмейді.



«Тіркеуші органдар атын, әкесінің атын, тегін ауыстырғанын растау үшін туу, некені қию және бұзу туралы тиісті куәлік береді», – деді спикер.



Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы өтінішті қарауды Қазақстан Республикасының Неке-отбасы заңнамасына сәйкес Қазақстанның Тіркеуші органы, шет елдердегі мекемесі жүргізеді.


Өтінішті 16 жастан асқан азаматтар береді, бұл жасқа толмағандар үшін ата-анасының қатысуы талап етіледі.



«Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеуші органдар он алты жасқа толған, атын және(немесе) әкесінің атын және(немесе) тегін ауыстырғысы келетін адамның жеке өтініші бойынша жүргізеді», - деп нақтылады ол. 



Атын, әкесінің атын, тегін өзгерту не  түзету үшін Қазақстан Республикасының аумағындағы кез келген тіркеуші органға (АХАТ) өтінішпен жүгіну қажет, сондай-ақ «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ-не өтінішті «электрондық үкімет»порталы арқылы электрондық нысанда жіберуге болады.


Аты, әкесінің аты, тегі өзгергеннен кейін бір ай ішінде жеке куәлік пен паспортты өзгерту қажет.


Тегі, Аты, Әкесінің аты қандай негіздер бойынша өзгертілуі мүмкін? 



- аты, әкесінің аты, тегі жағымсыз естілген жағдайда;
- атын, әкесінің атын, тегін айтудың қиындығы;
- егер некені (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу кезінде некеге дейінгі тегінде қалса, жұбайының (зайыбының) жұбайымен (зайыбымен) ортақ тектес болу тілегі;
- егер некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу кезінде бұл туралы мәлімделмесе, некеге дейінгі тегін алып жүруге ниет білдіру;
- алдыңғы некеден (ерлі-зайыптылықтан) балалармен ортақ текті алғысы келсе;
- жұбайы қайтыс болған жағдайда некеге дейінгі фамилияны ал,ысы келген жағдайда;
- жұбайы қайтыс болған жағдайда және егер өтініш беруші некеге дейінгі фамилияда болса, балалармен ортақ фамилия алғысы келсе;
- ата-анасының біреуінің (ата-анасының әр түрлі ұлты кезінде) өтініш беруші таңдаған ұлтына сәйкес келетін атын және (немесе) тегін алып жүруге тілек білдіру;
- өмірде іс жүзінде қалыптасқан, құжаттардағы атауынан өзгеше есімді алғысы келсе;
- егер некеге тұру (ерлі-зайыптылық) кезінде жұбайының тегі қабылданса, некеге дейінгі тегін алуға ниет;
- ұлттық дәстүр бойынша әкесінің немесе атасының есімімен тегін өзгерткісі келсе;
- өтініш берушіні іс жүзінде тәрбиелеген адамның тегі және аты бойынша тегін және (немесе) әкесінің атын алып жүруге тілек білдіру;
- жынысы хирургиялық өзгерген кезде таңдалған жынысқа сәйкес келетін есімді, әкесінің атын, тегін алғысы келген жағдайда.



Осылайша, тегін, атын, әкесінің атын өзгерту үшін олардың иесінің қалауы жеткіліксіз. Ол үшін жоғарыда аталған дәлелді себептердің біреуінің болуы қажет.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

09:38

09:35

09:05

08:58

08:49

08:05

19:10

18:45

18:02

17:43

17:39

17:31

17:20

17:17

17:05

16:54

16:41

16:15

16:05

15:56

15:39

15:21

15:14

14:45

14:40