AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / АЭС: Референдум / Атом электр станциясын салу технологиясы 2023 жылы...

Атом электр станциясын салу технологиясы 2023 жылы таңдалады

АЭС: Референдум 30.12.2022, 07:17 1,033
Атом электр станциясын салу технологиясы 2023 жылы таңдалады
Сурет: Naked-science.ru

АЭС салудың оңтайлы орны ретінде Алматы облысы ұсынылды.

 

2023 жылы елімізде атом электр станциясын салу технологиясы таңдалады. Энергетика министрі Болат Ақшолақов бұл ретте төрт елдің технологиясы қарастырылатынын мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

 


«2009 жылдан бастап Қазақстан табиғи уран көлемі бойынша әлемде бірінші орында. Биылғы жылдың қорытындысы бойынша, уран өндіру 21,6 мың тонна көлемінде деген болжам бар. Осы жылы желтоқсанда Қытайға жылу бөлетін жинақтардың бірінші партиясы жеткізілді. Атом электр станциясын салудың оңтайлы орны ретінде Алматы облысының Жамбыл ауданы ұсынылды», - деді Болат Ақшолақов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

 

Министрдің айтуынша, АЭС салу бойынша CNNC (Қытай), Росатом (Ресей), KHNP (Корея), EDF (Франция) жеткізушілерінің реакторлық технологияларының тізімі жасалды.

 


«2023 жылы аталған технологиялардың бірі таңдалады. Тізімде төрт ел - ҚХР, Оңтүстік Корея, Франция және Ресей Федерациясы бар. Соның арасынан таңдау жасаймыз. Одан бөлек, Қазақстанның ядролық инфрақұрылымына кешенді шолу жасауда атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің миссиясын ұйымдастыру жоспарланып отыр», - дейді ол.

 

Еске салайық, Энергетика министрі биыл маусымда атом электр станциясы салынатын жерде зерттеу жұмыстары басталғанын хабарлаған еді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #АЭС #құрылыс #жоспар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Іле Алатауы ұлттық паркіне – 30 жыл: тау экожүйелерін сақтау мәселесі халықаралық деңгейде талқыланды

Кеше 22:31

Елзат Ескендірдің «Әбілі»: өтпелі кезеңнің көркем келбеті

Кеше 21:33

«Вечерний Алматы» газетінің шығармашылық ұжымына Президенттің БАҚ саласындағы Алғысы берілді

Кеше 18:46

Шанхай тарихи музейінде «Дәстүр сабақтастығы: ата-баба мұрасы» көрмесі ашылады

Кеше 18:31

Алматыда заңсыз қоқыс үйінділерімен күресуге арналған цифрлық платформа таныстырылды

Кеше 18:12
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);