конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / АЭС: Референдум / Атом электр станциясы салынатын жерде зерттеу жұмы...

Атом электр станциясы салынатын жерде зерттеу жұмыстары басталды

АЭС: Референдум 11.06.2022, 12:00 1,606
Атом электр станциясы салынатын жерде зерттеу жұмыстары басталды
Сурет: 24.kz

Атом электр станциясы Алматы облысы Жамбыл ауданы Үлкен ауылы маңында салынады. Бұл туралы энергетика министрі Болат Ақшолақов айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.

 


«Қазақстан бойынша сейсмикалық аймақтарды анықтау үшін жылдар бойы ұзақ зерттеу жүргіздік. Нәтижесінде атом станциясының орналасатын жерін анықтадық. Ол – Алматы облысындағы Үлкен ауылының аймағы», - деді министр.

 

Болат Ақшолақовтың сөзінше, Балқаш көлінің ауданы геология, су ресурстары және климаттық жағдайларды ескере отырып таңдалған.

 


«Қазір зерттеу жұмыстары басталып кетті. Бұл құрылыс ертең басталады деген сөз емес. Жыл соңына дейін АЭС құрылысына қатысты бірқатар зерттеулер жүргізу қажет. Олар геологиямен, сумен, экологиямен байланысты. Қазір түрлі технология қарастырылып жатыр. Оның ішінде франциялық, ресейлік, жапондық, қытайлық, оңтүстіккореялық реакторлар бар», - деп нақтылады министр.

 

Ол әзірге жоба құны белгісіз екенін атап өтті. Айтуынша, әдетте атом электр станциясының құрылысы он жылға созылады.

 



Телеграм арнаға жазылыңыз
#Атом электр станциясы #Алматы облысы #зерттеу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Конституциялық Сот бірқатар лауазымды тұлғаларды қайта тағайындауға қатысты норманы қолдану тәртібін түсіндірді

Бүгін 17:14

Құрылтай сайлауында сауалнаманы кім жүргізеді?

Бүгін 16:18

Елімізде газды есепке алудың цифрлық платформасы құрылады

Бүгін 15:45

Алматы зергерлері жастарды қолөнермен айналысуға шақырды

Бүгін 14:10

Қазақстандықтардың 87%-ы елдің саяси бағытын қолдайды

Бүгін 12:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);