конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Асыл сөзден зерделі ойға: кітапханалардағы Абай та...

Асыл сөзден зерделі ойға: кітапханалардағы Абай тағылымы

Алматы Бүгін 12:25 52
Асыл сөзден зерделі ойға: кітапханалардағы Абай тағылымы

Абайды оқу ұлы ақынның мұрасын танумен қатар ойлану, іздену, білімге ұмтылу және өзін тану жолы дер едік. Хакімнің тағылымды ойлары бүгін де өзектілігін жоғалтпай, жас ұрпақтың дүниетанымы мен рухани қалыптасуына ықпал етіп келеді.

10 тамыз – Абай күніне орай Алматы облысының кітапханаларында ақынның туғанына 181 жыл толуына арналған әдеби-танымдық және мәдени іс-шаралар ұйымдастырылды. Абай шығармашылығын насихаттау, өлеңдері мен қара сөздерінің мәнін оқырманға жеткізу, кітап оқуға қызығушылықты арттыру мақсатында облыс кітапханаларында 178 іс-шара өткізілді.

Бұл бастамалар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі саяси ұстанымдарымен сабақтас. Абай мұрасы да адамды білім мен ғылымға, еңбекке, адалдық пен әділетке, адамгершілік пен елдікке үндейді.

Абай тағылымы және әскери тәрбие

7 тамызда Қонаев қаласында Алматы облыстық орталық әмбебап кітапханасы мен Қонаев қалалық кітапханасының ұйымдастыруымен «Абай тағылымы және әскери тәрбие» атты танымдық-рухани іс-шара өтті. Оған Ұлттық ұланның №6654 әскери бөлімінің әскери қызметшілері, Қорғаныс министрлігінің №62064 және №58012 әскери бөлімдерінің өкілдері, кітапхана қызметкерлері мен зиялы қауым қатысты.

Кездесуде Абайдың өмірі мен шығармашылығына арналған кітап көрмесі таныстырылып, бейнеролик көрсетілді. Қатысушылар танымдық викторинаға қатысып, оқырмандар ақын өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Әскери қызметшілер Абай шығармалары мен әндерін орындады.

Шара барысында ақынның білім, еңбек, жауапкершілік, тәртіп, адамгершілік және елге қызмет ету туралы ойлары әскери тәрбиемен сабақтастырылды. Бұл – Абай мұрасының әдеби құндылықпен қатар, азаматтық ұстаным мен елдік сананы қалыптастыратын рухани негіз екенін көрсетті.

Абай әлемінде әр буын тоғысты

10 тамызда Алматы облыстық орталық әмбебап кітапханасында «Абай тағылымы – өмір шамшырағы» атты әдеби-танымдық кездесу өтті. Оған «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының» аға буын өкілдері мен «Шыңға өрлеу» орталығының бастауыш сынып оқушылары қатысты.

Кездесуде Абайдың өмірі мен шығармашылығы таныстырылып, ақын әндері шырқалды, өлеңдері мен қара сөздері оқылды. Балалар танымдық викторинаға қатысып, аға буын өкілдері өз өнерлерін ортаға салды. Шара соңында көпшілік «Желсіз түнде жарық ай» әнін бірге орындап, әдебиет пен өнер арқылы рухани сабақтастықтың жарқын үлгісін көрсетті.

Кітап оқу – зерделі ұрпақ қалыптастырудың негізі

Абай күніне орай аудандық және ауылдық кітапханаларда әдеби кештер, Абай оқулары, мәнерлеп оқу сайыстары, поэзия сағаттары, дөңгелек үстелдер, әдеби-танымдық кездесулер, кітап көрмелері, челлендждер, open air форматындағы шаралар мен шығармашылық кездесулер өткізілді.

Балалар мен жасөспірімдер ақын өлеңдері мен қара сөздерін жатқа оқып, әдеби сайыстарға қатысты. Оқырмандар білім, ғылым, еңбек, адалдық, әділет, адамгершілік, бірлік пен елдік сана туралы ой бөлісті. Мұндай шаралар кітапхананың тек кітап сақтайтын орын емес, білім мен руханиятты тоғыстыратын, оқырманды ойлануға және пікір алмасуға жетелейтін маңызды қоғамдық-мәдени орта екенін аңғартады.

Абайдың «Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ» деген сөзі бүгінгі күн үшін де мәнін жойған жоқ. Хакім адамды биікке жеткізетін басты құндылықтар – ақыл, білім, ар мен жақсы мінез екенін көрсетеді.Сондықтан кітап оқу мәдениетін қалыптастыру мен Абай мұрасын насихаттауды қатар дамыту – зерделі ұрпақ тәрбиелеудің маңызды тетігі. Кітап – білімге бастайтын жол болса, Абай шығармашылығы – сол білімді парасатпен ұштастыратын рухани мектеп.

Рухани мұра – ұрпаққа аманат

Абай мұрасы – ұлттың тарихи-әдеби қазынасы ғана емес, болашаққа бағыт беретін рухани темірқазық. Оның әрбір өлеңі мен қара сөзі адамды өзін тануға, жақсы қасиеттерін дамытуға, кемшілігін түзеуге үндейді.

Ал кітапханалар осы мол мұраны оқырманға жеткізуде айрықша рөл атқарады. Алматы облысының кітапханаларында Абай күніне орай өткізілген 178 іс-шара – осы бағыттағы жүйелі жұмыстың нақты көрінісі.

Бір жерде оқушы ақын өлеңін жатқа оқыса, енді бір жерде әскери қызметші Абай әнін орындады. Бір кітапханада қара сөз талданса, екіншісінде әдеби сайыс өтті. Аға буын мен жас ұрпақ та Абай әлемінде бірге ой бөлісті.

Мұның бәрінің түпкі мақсаты бір – Абайды оқу арқылы ұлттық рухани жадымызды жаңғырту, кітапқа қызығушылықты арттыру, ойлы әрі парасатты оқырман қалыптастыру.

Асыл сөзден зерделі ойға бастайтын жол – кітаптан, білімнен, ізденістен өтеді. Ал сол жолдың рухани шамшырақтарының бірі – хакім Абай. Оның мұрасын оқу, зерделеу және насихаттау арқылы кітапханалар білімді, ойлы, ұлттық құндылықтарды бағалайтын, ел болашағына жауапкершілікпен қарайтын зерделі ұрпақ қалыптастыруға өз үлесін қосып келеді.

АСЫЛБАЕВА ЖАДЫРА ДҮЙСЕНҒАЛИҚЫЗЫ

Кітапханаларды дамыту және қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Абай күні
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Орал қаласында Құтқарушылар аллеясы ашылды

Бүгін 13:15

Алматы Қытай нарығында Орталық Азияның жетекші туристік бағыт ретіндегі орнын нығайтып келеді

Бүгін 13:03

ШҚО-да полицейлер дрон арқылы жоғалған жылқыларды іздеп тапты

Бүгін 12:08

Абайдың туғанына – 181 жыл: Алматы кітапханаларында ұлы ақынның мұрасына арналған мәдени іс-шаралар өтті

Бүгін 11:50

«Абай күні» – ұлттық рухани күнтізбенің жаңа парағы

Бүгін 11:30
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);