AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Астық пен ұнды экспорттауға шектеулер алынды

Астық пен ұнды экспорттауға шектеулер алынды

Әлеумет 01.09.2022, 09:09 1,158
Астық пен ұнды экспорттауға шектеулер алынды
Сурет: Elorda.info

Үкімет ірі қара мен ұсақ малды экспорттауға квота белгілеуге шешім қабылады


Премьер-Министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрінің м.а. Серік Жұманғариннің төрағалығымен сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) кезекті отырысы өтті, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz Elorda.info-ға сілтеме жасап.


Мұнда астық пен ұнды экспорттауға шектеулерді алып тастау және ірі қара мен ұсақ малды экспорттауға квота белгілеу жөнінде шешімдер қабылданды.


ВАК отырысында айтылған Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда дәнді дақылдар жақсы жиналады деп күтілуде. Биыл 13 млн тоннадан астам бидай жинау жоспарланған, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 12%-ға артық.  Ішкі тұтыну үшін шамамен 6,5 млн тонна қажет. Мүдделі мемлекеттік органдардың, «Атамекен» ҚР ҰКП, Астық одағы, Астық өңдеушілер одағы өкілдерімен, «Шопан-Ата» ұлттық агро-қозғалысының басшысымен бидай мен меслинді, бидай ұнын экспорттауға сандық шектеулерді (квоталарды) алып тастаудың орындылығын жан-жақты талқылау қорытындысы бойынша, сондай-ақ АШМ болжамы негізінде астық пен ұн экспорттауға шектеулерді 2022 жылдың 10 қыркүйегінен бастап алып тастау туралы шешім қабылданды. Еске сала кетейік, бұл шектеу Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығымен 2022 жылғы 8 шілде мен 30 қыркүйек аралығына енгізілген болатын.


Ауыл шаруашылығы министрлігіне астық экспортына мониторинг жүргізу және астық пен ұн экспортын одан әрі реттеу мәселесін пысықтау тапсырылды.


Сондай-ақ отырыс барысында аналық мал басын қоспағанда, ірі қара және ұсақ қара малды экспорттауға сандық шектеу (квоталар) белгілеу мақұлданды.


Статистикаға сүйенсек, 2022 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша, ірі қара мал саны – 9,4 млн бас, оның ішінде 4,5 млн сиыр, 3,2 млн төл бар.


Қошқар экспорттауға 60 мың бас немесе жалпы мал басының 9%-ы, сондай-ақ 120 мың бас тоқты немесе жалпы мал басының 10%-ы мөлшерінде квота белгілеу туралы шешім қабылданды.


2022 жылғы 21 қаңтар мен 21 шілде аралығында ірі қара және ұсақ малды экспорттауға тыйым салынған болатын.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#үкімет #квота #ірі қара
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Гүлденген мегаполис» атты көрме өтті

Бүгін 18:57

Майдангерлерге – 5 миллион теңге

Бүгін 18:50

Парижге жаяу барған 76 жастағы қария «Құрметті спорт қызметкері» атағын алды

Бүгін 18:47

Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады

Бүгін 18:43

«Абай қырандары» Өзбекстандағы жарыста жүлделі екінші орынды иеленді

Бүгін 18:40
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика