AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Астанаға әлемнің ең мықты боксшылары ағылуда

Астанаға әлемнің ең мықты боксшылары ағылуда

Спорт 26.06.2023, 14:43 1,652
Астанаға әлемнің ең мықты боксшылары ағылуда
Сурет: ашық дереккөз
27 маусым мен 2 шілде аралығында Астанада бокстан Elorda CUP-2023 беделді халықаралық жарысы өтеді. Турнирге әлемнің көптеген елінен атақты әуесқой боксшылар, оның ішінде Олимпиада ойындарының жүлдегерлері мен Әлем чемпиондары қатысады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.


Жарысқа Өзбекстан, Үндістан, Жапония, Қытай, Түрікменстан, Таиланд, Моңғолия, Бахрейн, Тәжікстан, Сербия және Қазақстан құрамаларынан 200-ден астам былғары қолғап шеберлері қатысады. Ринг иелері бірнеше құрамда өнер көрсетеді, олардың арасында жақында Ташкентте өткен 2023 жылғы әлем чемпионатында ерекше көзге түскендер спортшылар да бар. Турнирдің мақсаты туралы қазақстандық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов айтып берді.


"12-26 маусым аралығында Астанада оқу-жаттығу жиыны өтіп жатыр. Ұлттық құрама мүшелері елорда кубогына қатысу үшін дайындық мақсатында осында жиналды. Бұл жарыс кейбір жігіттеріміз үшін Азия ойындары алдындағы іріктеу жарысы деп айтсақ та болады, ал кейбіріне шеберліктерін шыңдау үшін қажет. Осы кезде Еуропа Кубогы өтіп жатқандықтан бізге көптеген ел келе алмайды. Бірақ ниет танытып отырғандар жетерлік. Бұл жарыс бізде жылда өтеді, ол ірі ойындар алдында спортшыларымызды тексеріп, шама-шарқына баға беруге мүмкіндік береді",-дейді Мырзағали Айтжанов.


Elorda CUP-2023 жарысында ел намысын Сәкен Бибосынов, Махмұд Сабырханов, Дулат Бекбауов, Асламбек Шымбергенов және басқа да көптеген әлем чемпиондары қорғайтын болады.


Әйелдер құрамасы сапында Алуа Балқыбекова, Назым Қызайбай, Жайна Шекербекова, Карина Ибрагимова және Валентина Халзова өнер көрсетеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Боксшы #Әлем #чемптонат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);