AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында саға...

Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында сағат 17:00-де «Асыл мұра» концерті өтеді

Мәдениет 29.06.2026, 15:02 343
Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында сағат 17:00-де «Асыл мұра» концерті өтеді

5 шілде күні Ұлттық домбыра күні аясында Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында сағат 17:00-де «Асыл мұра» концерті өтеді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

«Асыл мұра» – ұлттық өнердің тарихи-мәдени құндылығын, өңірлік орындаушылық мектептердің сабақтастығын және домбыра мұрасының қазіргі мәдени кеңістіктегі маңызын көрсетуге бағытталған.

Іс-шараның мақсаты – халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлі музыка өнерін дәріптеу, сирек орындалатын шығармаларды жаңғыртып, ұрпақтар сабақтастығын нығайту.

Концерт барысында қазақтың дәстүрлі әншілік және күйшілік өнерінің Арқа, Сыр, Жетісу, Алтай-Тарбағатай және Батыс мектептері кеңінен таныстырылып, бес орындаушылық мектептің ерекшелігін айқындайтын әндер, жырлар мен күйлер орындалады.

Мәдени іс-шараға белгілі өнер қайраткерлері мен дәстүрлі өнер өкілдері қатысады. Олардың қатарында Сержан Мұрсайын, Перизат Тұрарова, Өзгеріс Шерікбай, Бейбіт Мұсаев, Ардақ Балажанова, Нұржан Жанпейісов, Алмас Алматов, Елмұра Жаңаберген, Марат Сүгірбай, Күнсұлу Түрікпен, Айгүл Қосанова, Дастан Есентеміров, Айгүл Елшібаева, Қазбек Әдікей, Медет Салықов, Клара Төленбаева, Гүлмира Сарина бар.

Сондай-ақ концертте «Қорқыт» ансамблі, «Шалқыма» би ансамблі, «Дала Sound» квартеті және Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның хоры өнер көрсетеді.

Мәдени жиында заманауи цифрлық технологиялар, заманауи мультимедиалық визуализация мен жасанды интеллект элементтері қолданылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#домбыра күні
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасы әртістік жүзуден Азиаданың қола жүлдесін жеңіп алды

Бүгін 09:36

Қазақстан - Шахмат олимпиадасының екі дүркін күміс жүлдегері

Бүгін 09:03

Қорғаныс министріне кезек күттірмейтін міндет жүктелді

Кеше 18:19

Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс ведомствосының жұмысын түбегейлі трансформациялау мәселесіне тоқталды

Кеше 18:10

Аянат Жұмағали Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

Кеше 17:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);