конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Астанада «Ұлттық қолөнер мектебі» жобасы қорытынды...

Астанада «Ұлттық қолөнер мектебі» жобасы қорытындыланды

Мәдениет Бүгін 12:26 51
Астанада «Ұлттық қолөнер мектебі» жобасы қорытындыланды
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

Жобаға қатысуға 450-ден астам өтінім келіп түсті, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Астанада Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Креативті индустрияларды дамыту қоры» корпоративтік қоры жүзеге асырған «Ұлттық қолөнер мектебі» білім беру жобасының қорытынды іс-шарасы өтті.

27 шілде мен 12 тамыз аралығында Қазақстанның ұлттық қолөнер саласындағы 10 үздік шебер 8-20 жас аралығындағы 208 қатысушыға дәстүрлі қолөнердің технологиялары мен қыр-сырын үйретті.

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қатысушыларды жобаның сәтті аяқталуымен құттықтады. Ол тәлімгер шеберлерге, ұйымдастырушыларға, ата-аналарға және барлық қатысушыларға алғыс білдірді.

Үкімет басшысының орынбасары бүгінде дизайн, сән, сәулет, туризм және креативті индустриялардың өзге де бағыттарында ұлттық нақышқа деген қызығушылық артып келе жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, бұл үрдіс шеберлерге де, жастарға да жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.

«Мемлекет басшысы ұлттық құндылықтар мен тарихи-мәдени мұраны сақтауға, шығармашыл жастарды қолдауға және креативті индустрияларды дамытуға ерекше назар аударып келеді. Қолөнер – халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан тұрмыс-тіршілігін, дүниетанымы мен көркем талғамын танытатын асыл қазына. Сондықтан ұлттық қолөнерді сақтау жекелеген бұйымдарды жинақтап, көрмеге қоюмен ғана шектелмейді. Оның ең сенімді жолы – өнердің қыр-сырын шеберден шәкіртке үйретіп, ұрпақтар сабақтастығын жалғау. «Ұлттық қолөнер мектебі» жобасы осы маңызды міндетке нақты үлес қосып отыр. Ендігі маңызды міндет – дәстүрлі қолөнерді сақтап қана қоймай, оған заманауи дем беру. Дәстүр өткеннің жәдігері болып қалмай, қазіргі дамудың қуатты ресурсына айналуы керек», – деді Аида Балаева.

Жоба қатысушылары ұлттық қолөнердің 10 бағыты бойынша тәжірибелік білім алды. Оқу бағдарламасына зергерлік өнер, ағаш пен тері өңдеу, киіз басу, қыш өнері, кілем тоқу, сүйек ою және дәстүрлі қолданбалы өнердің өзге де түрлері енгізілді.

«Ұлттық қолөнер мектебі» аясында инклюзивті білім беруге де ерекше көңіл бөлінді. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін арнайы топ ұйымдастырылып, сабақтар олардың шығармашылық қабілетін ашуға, ұсақ моторикасын жетілдіруге және практикалық еңбек дағдыларын қалыптастыруға бағытталды.

Қорытынды іс-шара барысында тәлімгер шеберлер мен жоба түлектеріне сертификаттар табысталып, олардың авторлық жұмыстары таныстырылды. Сондай-ақ білім беру бағдарламасының қорытындысы шығарылды.

Айта кетейік, жобаға қатысуға 450-ден астам өтінім келіп түсті. Конкурстық іріктеу нәтижесінде 208 қатысушы тегін білім алу мүмкіндігіне ие болды. Тәлімгер шеберлерді іріктеу де үлкен қызығушылық туғызды. Еліміздің барлық өңірінен 331 өтінім қабылданып, техникалық іріктеуден өткен 271 өтінімді конкурстық комиссия қарады. Нәтижесінде Қазақстанның ұлттық қолөнер саласындағы 10 үздік шебер таңдалды.

«Ұлттық қолөнер мектебі» ұлттық мәдени мұраны сақтап, оны жас ұрпаққа сабақтастықпен жеткізуге, дәстүрлі қолөнерді кеңінен дәріптеуге және оны заманауи креативті индустрияның маңызды бағыттарының бірі ретінде дамытуға арналған.

Жоба балалар мен жастардың шығармашылық әлеуетін ашуға, ұлттық өнерге қызығушылығын арттыруға және болашақ креативті индустрия өкілдері үшін жаңа мүмкіндіктер қалыптастыруға жағдай жасайды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Аида Балаева #қолөнер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Әнуар Ақылбеков Қазақстанға роллер-спорттан әлем кубогындағы алғашқы алтынды әкелді

Бүгін 12:50

Тары деген…

Бүгін 12:27

Алматы тұрғындары кремацияға қатысты өз қалауын енді электронды үкімет жүйесі арқылы алдын ала рәсімдей алады

Бүгін 12:10

Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бірқатары арзандады

Бүгін 11:45

Астанада қайтарылған активтер есебінен 1200 оқушыға арналған жаңа мектеп салынады

Бүгін 11:32
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);