Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Астанада мектеп оқушысы сыныптас қызының омыртқасы...

Астанада мектеп оқушысы сыныптас қызының омыртқасын сындырып жіберген

Оқиға 09.12.2025, 17:44 489
Астанада мектеп оқушысы сыныптас қызының омыртқасын сындырып жіберген
сурет: freepik.com

Астанада кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот оқушының омыртқасын сындырып жіберген іс бойынша моральдық өтемақы өндіру туралы азаматтық дауды қарады, деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі сотқа сілтеме жасап.

Сот мәліметінше, елордадағы мектептердің бірінде оқушылар арасында жанжал шығып, соның салдарынан кәмелетке толмаған Р. есімді оқушы сыныптасына жарақат салған. Жәбірленуші қызға «омыртқаның ығысусыз жабық сынуы» деген диагноз қойылып, денсаулыққа орташа ауырлықтағы зиян келтіру ретінде бағаланған. Психолог қорытындысына сай, алған жарақат физикалық шектеулермен қатар моральдық күйзеліске де әкелген.

Зардап шеккен оқушының анасы сотқа жүгініп, кінәлі баланың анасынан моральдық зиян келтіргені үшін 1,5 млн теңге өндіруді сұрады.

Сот отырысында жауапкер кінәні мойындап, ұлының әрекеті үшін өкініш білдіргенімен, зардаптың ауқымын «онша ауыр емес» деп бағалап, 100 мың теңге төлеуді ұсынған. Сонымен қатар отбасының қаржылық мүмкіндігі шектеулі екенін алға тартқан.

Барлық дәлелдемелерді зерделеген сот моральдық өтемақы мөлшері ақылға қонымды әрі әділ болуға тиіс екенін атап өтті. Нәтижесінде:

  • кінәлі баланың 14 жасқа толмағаны;

  • әрекеттің қасақана емес, абайсыз сипатта болуы;

  • отбасының материалдық жағдайы;

  • жәбірленушінің моральдық азап шеккені, бірақ оның шамадан тыс деңгейде емесі

ескеріліп, талап арыз 300 мың теңге мөлшерінде ішінара қанағаттандырылды.

Сонымен бірге сот жәбірленуші тарапқа ем-домға байланысты қосымша шығындар туындаған жағдайда, растайтын құжаттар негізінде бұл соманы кейін бөлек талап етуге құқығы бар екенін түсіндірді.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#сот #мектеп оқушысы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Астананың ортасында шетелдіктер дәрет сындырған: полиция не дейді?

Бүгін 12:29

Дәрігер аллергияның негізгі белгісі мен оны емдеудің жолын айтып берді

Бүгін 12:13

Актер Әбілмансұр Серіков тағы да шаңырақ көтерді

Бүгін 11:57

Алматылық арудың жүрегіне жасалған күрделі ота сәтті өтті

Бүгін 11:54

Путин мен Трамп телефон арқылы сөйлесті

Бүгін 11:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі