AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Астанада "жігітінің" айыппұлдарын басқа адамның ат...

Астанада "жігітінің" айыппұлдарын басқа адамның атына жазған полиция майоры сотталды

Барлығы 25.09.2025, 15:16 973
Астанада "жігітінің" айыппұлдарын басқа адамның атына жазған полиция майоры сотталды
Сурет: Polisia.kz

Астанада полиция майоры "жігітіне көрсеткен қамқорлығы үшін" 4 жылға сотталды, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz тілшісі Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап. 

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты полиция майоры Айдана Қалыбайды қызметтік өкілеттігін теріс пайдаланғаны үшін кінәлі деп танып, 4 жылға бас бостандығынан айырды. Сонымен бірге оған мемлекеттік қызметте лауазым иелену құқығына өмір бойына тыйым салынды. 

Майор не бүлдірді?

Айдана Қалыбай ішкі істер органдарында 2013 жылдан бері жұмыс істеген. Бұрынғы сұхбаттарында ол бала кезінен полиция қызметкері болуды армандап, жеті жылда капитан шеніне дейін көтерілгенін мақтанышпен айтқан еді. Кейін майор атағын алған.

Сот деректеріне сәйкес, Қалыбай әкімшілік полицияда қызмет атқара жүріп, жол ережесін бұзғандарға салынған айыппұлдарды заңсыз түрде басқа азаматтардың атына аударып отырған. Бұл әрекеттері мемлекетке 3,6 млн теңгеден астам залал келтірген. Қылмыстық іс бойынша 10 адам жәбірленуші деп танылды.

Сот шешімі не дейді?

Сот шешімімен Қалыбайдан мемлекет кірісіне 408 мың теңгеден астам сот шығыны және Жәбірленушілерге өтемақы төлеу қорына 69 мың теңге өндірілді.

Сотталушының жалғызбасты ана екені ескеріліп, жазасын өтеу мерзімі 2029 жылдың 23 тамызына дейін шегерілді. Осы уақытқа дейін ол үйқамақта болады. Егер қоғамдық тәртіпті бұзса немесе қадағалау органының ескертулеріне құлақ аспаса, жазасын өтеу үшін қамауға жіберіледі.

Айдана Қалыбай бұған дейін полицияда жоғары шенге жетіп, зейнетке дейін қызмет етуді армандаған. Алайда сот үкіміне сәйкес, ол "полиция майоры" арнайы атағынан айырылды.

Қазіргі уақытта оның ісіне байланысты қосымша тексерулер мен сұраулар жүргізіліп жатыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#полиция #астана
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда World Tennis Бас ассамблеясы өтеді

Бүгін 17:55

Ауладағы алаңнан үлкен арманға: Алматының Жетісу ауданында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында аулалар жаңартылды

Бүгін 17:01

Неліктен қыздарға 11-13 жасында АПВ-ға қарсы вакцинация ұсынылады?

Бүгін 16:58

Алматы Онкологиялық орталығында сәулелік терапияны жоспарлаудың зияткерлік жүйесі енгізілді

Бүгін 16:56

Наурызбай ауданында «Халық қатысатын бюджет» аясында 35 жоба іске асырылуда

Бүгін 16:47
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);