AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Астанада халықаралық компьютерлік жобалар байқауы...

Астанада халықаралық компьютерлік жобалар байқауы басталды

Білім және ғылым 18.12.2023, 08:21 1,260
Астанада  халықаралық компьютерлік жобалар байқауы басталды
gov.kz

Астанада ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен «INFORMATICS-ASIA» халықаралық компьютерлік жобалар байқауы басталды. Жарысқа 4 мемлекеттен 184 жобамен 450 оқушы қатысады, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Байқаудың негізгі мақсаты:
- IT саласында ғылыми зерттеушілікке қызығушылық танытатын дарынды жастарды анықтау, қолдау және дамыту;
- IT саласын дамытудың тиімді құралы ретінде дарынды оқушылардың ғылыми-зерттеу әрекетіне негізделген жаңа жобаларды әзірлеу;
- Әртүрлі елдерден оқушылар мен мұғалімдерді тарту арқылы халықаралық ынтымақтастықты нығайту және шығармашылық тәжірибе алмасу.


Жарыс ағылшын тілінде жүргізіледі және алты бағыт бойынша өтеді: Робототехника - FLL Challenge және Arduino Hackathon; Компьютерлік бағдарламалау; Компьютерлік графика және өнер; Қолданбалы ғылыми жобалар; Қысқаметражды фильмдер; Қолданбалы математика жобалары.


Айта кету керек, аталмыш білім бәйгесі Қазақстанда 10 жылдан бері өткізіліп келеді. Осы уақыт ішінде іс-шараға 20 мемлекеттен 5000-ға жуық оқушы қатысты. Жарыстан үздік шыққан жүлдегерлер еліміздің және әлемнің беделді ЖОО гранттарына ие болып, қазіргі таңда мемлекетіміздің әр саласында видеограф, дизайнер, программист сияқты жұмыстар атқарып келеді.


Байқау 18 желтоқсан күні қорытындыланады.


Байқау ұйымдастырушылары: ҚР ОАМ «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы және «Білім-Инновация» халықаралық қоғамдық қоры болып табылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #астана #оқушы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Салық қарызы бар азаматтар шетелге шыға алмайды

Бүгін 11:15

23 мамырға арналған ауа райы болжамы

Бүгін 10:05

Алматыда Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Президент атынан 60 пәтердің кілті мен 13 мемлекеттік награда табысталды

Кеше 20:26

Дуалдық оқыту жүйесінің тиімділігі: Демо емтихан – студент білімінің айнасы

Кеше 18:28

Алматыда 2026 жылдың басынан бері үшінші үшем дүниеге келді

Кеше 17:31
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);