конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Астанада экологиялық зерттеу жұмысының таныстырылы...

Астанада экологиялық зерттеу жұмысының таныстырылымы өтті

Әлеумет 05.06.2026, 17:34 259 yakiya
Астанада экологиялық зерттеу жұмысының таныстырылымы өтті
gov.kz

Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні және Экологтар күніне орай Қ.Мұхамедханов атындағы №90 гимназияда «ЭкоJas» жобасы барысында жазғы лагерь оқушыларының қатысуымен «Қоршаған ортаны қорғау – ортақ міндет» тақырыбында экологиялық зерттеу жұмысының таныстырылымы өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Аталған іс-шарада экологтар, педагогтер және жазғы профильді лагерьдің қатысушылары бас қосты. Олар қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша өзара пікір алмасты.

Іс-шараның басты мақсаты – оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне назар аударту, қалдықты қайта өңдеу мен тиімді пайдаланудың маңыздылығын түсіндіру және табиғатты сақтауға деген жауапкершілікті арттыру.

Таныстырылым барысында оқушылар қалдықтарды қайта өңдеу, тұрмыстық қалдықты кәдеге жарату және экология мәселелерін шешуге бағытталған зерттеу жұмыстарын ұсынды. Сонымен қатар, қатысушылар жергілікті аумақтың экологиялық жағдайына талдау жасап, қоршаған ортаны қорғауға қатысты ұсынысын ортаға салды.

«Экологиялық мәдениетті қалыптастыру үшін біз мектепте оқушыларды экологиялық мәдениетке үйрету үшін арнайы іс-шаралар ұйымдастырамыз. Ол дәріс түрінде, тәжірибелік жұмыс түрінде де өткізіледі. Қазір бізде арнайы бейіндік лагерь жүріп жатыр. Оның мақсаты – балаларды ғылымның түрлі бағытына үйрете отырып, олардың қызығушылығын ояту. Бүгінде балалар экологиялық бағыт аясында өзінің әлеуметтік жобасын қорғап жатыр. Жобалар оқушыға қоғамдық ортада болып жатқан дүниеге көзқарасын қалыптастырады. Тәжірибе барысында қандай да бір нәтижеге жету үшін еңбек етудің маңызды екенін түсінеді. Сонымен қатар, мектебімізде жылыжай бар. Онда балалар түрлі көкөністі, жемісті т.б. қалай отырғызатынын, қалай өсетінін арнайы экологиялық сабақ өткізіп зерттейді. Бұл экологиялық мәдениетті қалыптастырудың бір бағыты ретінде қолға алынған. Экологиялық бағыттағы шараларымыздың басым бағыты – баланы экологиялық мәдениетке үйрету», – деді №90 гимназия директоры Гүлжанат Асанқызы.

Табиғатты аялау мен қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды насихаттаған бұл шара жас ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға және дамытуға өз үлесін қосты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Экология
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Бас прокуратура комитеті қандай мемлекеттік қызметтер көрсетеді?

Бүгін 17:48

Алматыда алты айда 270 заңсыз тексеру анықталды

Бүгін 17:41

Алматыда «Халық қатысатын бюджет» жобаларының жүзеге асырылуына бақылау күшейтіледі

Бүгін 17:35

Қазақстанда ірімшік пен сүзбе өндірісі 28% артты

Бүгін 17:06

Тоқаев Испания Королі VI Фелипені құттықтады

Бүгін 16:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);