AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Астанада эко-челлендж басталды

Астанада эко-челлендж басталды

Әлеумет Бүгін 17:42 32 yakiya
Астанада эко-челлендж басталды
gov.kz

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында, сондай-ақ Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні мен Эколог күніне орай мәдениет, спорт, білім беру салаларының өкілдері, жастар және жастар ұйымдары «Өзіңнен баста!» челленджіне қатысты, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Челлендждің негізгі мақсаты – қоршаған ортаға құрметпен қарауды насихаттау және экология мәселелеріне қоғам назарын аударту.

Қатысушылар әлеуметтік желідегі парақшаларында халыққа үндеу жолдап, әр азаматты қоршаған ортаны таза ұстауға және табиғатты аялауға өз үлесін қосуға шақырды.

«Мен экологияны және «Өзіңнен баста» экологиялық челленджін қолдаймын. Өзімнен бастаймын және әр адамды табиғи ресурстарға және қоршаған ортаға ұқыпты қарауға шақырамын!» — деді «Жер амбассадорлары» жастар қозғалысының өкілі.

Экологиялық іс-шаралар аясында «Өзіңнен баста» челленджі елорданың жазғы лагерьлерінде де өтіп жатыр. Балаларға арналған тақырыптық кездесулер ұйымдастырылып, табиғатты аялау мен қоршаған ортаны қорғаудың маңызы түсіндірілді.

Оларға экологияға қамқорлық әр адамның жеке үлгісінен басталатыны, күнделікті әдеттер – тазалық сақтау, ресурстарды үнемдеу және жауапкершілікпен қарау арқылы қалыптасатыны айтылды.

Челленджге қатысушылар «Таза Қазақстан» акциясы бір реттік шара емес, әр азаматтың күнделікті өмір салтына айналуы тиіс екенін атап өтті. Тек бірлескен күш-жігер арқылы ғана қоршаған ортаны сақтап, болашақ ұрпақ үшін қолайлы жағдай жасауға болатыны айтылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Экология
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Жасыл балабақша» жобасы аясында семинар өтті

Бүгін 17:56

Халықаралық экологтар күніне орай «Эколог сағаты» тақырыбында кездесу өткізілді

Бүгін 17:53

Есіл жағалауындағы плоггинг акциясына ондаған адам қатысты

Бүгін 17:50

Алматыда Саин көшесін ұзарту учаскесінде көлік қозғалысы ашылды

Бүгін 17:39

Алматыда «Эколог сағаты» экологиялық акциясы өтті

Бүгін 17:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);