AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Астанада бір топ жас экологиялық акция өткізді

Астанада бір топ жас экологиялық акция өткізді

Әлеумет Бүгін 15:09 51 yakiya
Астанада бір топ жас экологиялық акция өткізді
gov.kz

Астанада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кезекті тазалық жұмысы жүргізілді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматы ауданының әкімдігі мен «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының бастамасымен қолға алынған іс-шара Махтұмқұлы көшесі бойында өткізіліп, оған белсенді жастар мен еріктілер қатысты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Тазалық барысында қатысушылар көшелер мен қоғамдық аумақтарды қоқыстан тазартып, қоршаған ортаның тазалығын сақтауға өз үлесін қосты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай бастаманың басты мақсаты – қаланың санитарлық жағдайын жақсарту ғана емес, тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастырып, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды дәріптеу.

«Бүгін «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында «Астана жастары» ұйымы Алматы ауданы әкімдігімен бірлесіп, сенбілік өткізіп жатыр. Іс-шараның негізгі мақсаты – елордамыздың тазалығын сақтауға үлес қосу және тұрғындар арасында қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыру. Қаланың тазалығы әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі. Осы арқылы астаналықтарды қаланы таза ұстауға үндегіміз келеді. Сонымен қатар, еріктілердің белсенділігін арттыру үшін тазалық жұмысын түрлі ойынмен және танымдық әдістермен ұштастырып, сенбілікті ерекше форматта ұйымдастырдық», – деді «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының Жастармен тәрбие жұмысы бөлімінің басшысы Сұлтан Өмірғалиев.

Сенбілікке қатысқан жастар мұндай жұмыстардың қоғам үшін маңызы зор екенін атап өтті. Олардың пікірінше, қаланың тазалығы әр тұрғынның мәдениеті мен жауапкершілігінен басталады.

«Astana Jastary волонтерлік ұйымының қатарына қосылғаныма бір жылға жуық уақыт болды. Осы аралықта түрлі экологиялық және қоғамдық іс-шараға белсенді қатысып келемін. Бүгінгі сенбілікке де жазғы демалысымызды пайдалы өткізіп, қаламыздың тазалығына үлесімізді қосу үшін келдік. Біз шашылған қоқысты жинап қана қоймай, қоршаған ортаға ұқыпты қараудың маңызын насихаттауға тырысамыз. Астананың тазалығы – тек коммуналдық қызметтің емес, әрбір тұрғынның ортақ жауапкершілігі. Сондықтан әр азамат қоршаған ортаны таза ұстап, қоқыс тастамауды әдетке айналдыруы қажет деп ойлаймын», – деді Astana Jastary волонтерлік ұйымының мүшесі Әбілмансұр Әмірхан.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Экология
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы The Spirit of Tengri фестиваліне 50 мыңға жуық көрермен жиналды

Бүгін 15:23

Елордадағы кітапханада мектепке дейінгі балаларға арналған экосағат өтті

Бүгін 15:14

Алматы полициясы көліктің жүксалғышынан бірнеше қару түрін тапты

Бүгін 15:01

Қазақы тазы Болоньяда өткен World Dog Show 2026 көрмесінде салтанатты түрде таныстырылды

Бүгін 12:59

Алматыда халықаралық New Vision Forum 2026 форумы өтеді

Бүгін 12:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);