AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Жолдау 2023 / Асқарбек ҚҰСАЙЫНОВ, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лаур...

Асқарбек ҚҰСАЙЫНОВ, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, академик: Енді уақыттан ұтылуға болмайды

Жолдау 2023 19.03.2022, 03:54 3,631
Асқарбек ҚҰСАЙЫНОВ, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, академик: Енді уақыттан ұтылуға болмайды
inform.kz

Тарих сахнасында қандай елдің де егеменді ел болуы оңай дүние болмаған. Ал егемендігін алған елдің өсіп-өркендеп, дамыған ел болуы өте ауыр үрдіс екенін жақсы білеміз. Бұл сол елдің басшысына да, халқына да үлкен сын болады.


Қазақ халқының егеменді ел болғанына 30 жыл болды. Бұл тарихи даму тұрғысынан алып қарағанда көп уақыт емес, бірақ ХХІ ғасырда, әр күннің салмағы еселеп ауырлап тұрғанда, уақытпен дұрыс санасу керек.


Өзінің 30 жылдық өмірінде алдымен экономикалық дамуды басты мақсат етіп қойған елге саяси реформа ауадай қажет болды. Мұны халық та, Мемлекет басшысы да жақсы сезінді, жақсы түсінді. Қасым-Жомарт Тоқаев өзі айтқандай, ұзаққа қалдырмай, әлемде болып жатқан аса күрделі жағдайларды ескере отырып, елімізде саяси реформа жасау жөніндегі өз ойын халыққа жария етті. Халық болса, тапжылмай отырып мұқият тыңдады, тыңдады да иығынан ауыр жүк түскендей, толғанысты ризашылық сезіммен қабыл алды деп ойлаймын.



Жолдауда айтылған, саяси реформа жасаудың 10 бағытын да толық қолдаймын. Президент айтқандай, Жолдаудың әр бағыты көп тебіреніп, көп толғанып, терең ойланыстан туған шешімдер екені байқалады. Әр бағыттың астары тым тереңде жатыр, олар қалтқысыз түсініп, ел болып жұмыла отырып қыруар іс тындыруды қажет етеді. Біз, бұл арада, осындай саяси реформа жасауда кешігіңкіреп қалғанымызды да ескеруіміз қажет. Олай болса, енді уақыттан ұтылуға болмайды.



Мен, бұдан 30 жыл бұрын мемлекеттік деңгейде білім саласында реформа жасауға тікелей қатысқан жанмын. 1992 және 1996 жылдары дайындалған, еліміздің Білім беруді дамыту бағдарламаларын жасау үшін құрылған уақытша жұмыс тобына басшылық жасадым. Содан бері осы саланы дамыту проблемаларымен ғылыми әрі практикалық тұрғыда үзбей шұғылданып келемін. Бұл бағытта оқыған-тоқығаным, көңілге түйгендерім, атқарған істерім, әлемдік деңгейде мойындалған ғылыми ой-тұжырымдарым бар, яғни еліміздің білім беру саясатын жетілдіруге қатысты өзіндік ой қалыптастырған жанмын.


Жас ұрпаққа саналы тәрбие, сапалы білім кез елдің өсіп-өркендеуінің түп қазығы болатын болса, осы бағытта Үкіметтік емес ұйым – Педагогикалық Ғылымдар академиясының мүшелері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты толық қолдап, әрқайсымыз осы реформаны іске асыру мақсатында тиянақты істер атқаратын боламыз.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #жолдау #Құсайынов
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық Аралды құтқару қоры құрылтайшы мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысын өткізді

Бүгін 20:42

Бұралқы иттер мәселесі: қазақстан аулау, стерильдеу, вакцинациялау және босатудан неге бас тартқалы отыр?

Бүгін 20:37

Бұтақтыда экологиялық акция өтті: алматылық жастар «Бұлақ көрсең, көзін аш» акциясына қатысты

Бүгін 20:31

Мемлекет басшысы: «Жер шарын қорғау – ортақ міндетіміз. Бүгінгі саммит бізге осыны көрсетеді»

Бүгін 18:16

Алматыда ушу-саньдадан Қазақстан чемпионаты басталды

Бүгін 18:10
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика