AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Аспан әлемін бағындыруға қызығушылық танытып жүрге...

Аспан әлемін бағындыруға қызығушылық танытып жүрген арулар қатары көбейіп келеді

Әлеумет 05.03.2022, 06:16 1,321
Аспан әлемін бағындыруға қызығушылық танытып жүрген арулар қатары көбейіп келеді
Сурет: Almaty.tv

 Алматыдағы азаматтық авиация академиясында осы күні  300-ден астам қыз бала оқиды


Олардың 30-ы әуе көлігін басқаратын ұшқыш болғысы келеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ға сілтеме жасап. 


Ұшқыш мамандығында оқитын Мөлдір басында химик болуды армандаған. Әрі ата-анасы да авиация саласын таңдауына қарсы болыпты. Алайда ол дегенінен қайтпай, түбінде өзі қалаған оқу орнына түскен екен. Оның ендігі арманы – шетелде тәжірибе жинап, білімін ұштау.  



«Мектепте ұшқыштармен конференция болды. Сол кезде командир пилоттың әңгімесі, өзін-өзі ұстауы, ұшақтың ұшуы туралы түсіндіруі, бәрі маған ұнады. Сол сәтте бір күнде ұшқыш боламын деп шештім», - дейді Азаматтық авиация академиясының студенті Мөлдір Тұрған.



Арман қуып, сонау солтүстіктен келген Ділнәз бала кезінен әуежайға қатысты кинотуындыларды көп көргендіктен, авиация саласын таңдапты. Арманы алдамаған. Қазір ол әуежайлардың жердегі радиоэлектрондық жабдықтарына қызмет көрсету мамандағында білім алып жатыр.



«Мен 9-сыныпты бітіргеннен кейін әуежайға қатысты фильм көрген болатынмын. Яғни жұмыс істеп жүрген адамдардың атмосферасы маған ұнағандықтан, 10-сыныпта физика пәнін таңдадым. Алдағы уақытта әуежайда жұмыс істеп, оны дамытқым келеді», - дейді Азаматтық авиация академиясының тағы бір студенті Ділнәз Нұрмұхамбет.



Бүгінде азаматтық авиация академиясын бітірген арулардың 15-і отандық ұшақтарды басқарып жүр.



«Қыздарымыз қазір тіршіліктің кез келген тұсында өз орнын тауып жатыр. Аспанды бағындырып жүрген әпке-қарындастарымыз аз емес», - деді Азаматтық авиация академиясы академиялық жұмыс департаментінің директоры Аркен Шанлаяков.



Болашақ ұшқыштар 1 курста жай ғана теориялық білім алса, екінші және үшінші жылдан бастап әуе симоляторы деп аталатын ұшақ макетінде тәжірибеден өтеді.


Авиация саласын игеріп жатқан қыздардың ендігі арманы оқуларын үздік аяқтап, отандық әуе команияларына жұмысқа тұру.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#авиация #қыздар қауымы #батыл қыздар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тарихи жады және ядролық қарусыз әлем: Сенатор Б. Жексенбай Токиода Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаттарымен кездесті

Бүгін 21:03

Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «БАЛА ӘЛЕМІ» атты ауқымды мерекелік іс-шара өтті

Бүгін 20:20

Алматының медициналық ұйымдарында Балаларды қорғау күніне орай 400-ге жуық бала құттықталды

Бүгін 19:11

Зейнолла Ыдырысов Challenge Cup турнирінің күміс жүлдегері атанды

Бүгін 18:25

Бибісара Асаубаева Norway Chess Women-де тағы көшбасшы болды

Бүгін 18:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);