Аскеза - мақсатқа жетудің нақты құралы ма?

Аскеза - мақсатқа жетудің нақты құралы ма? интернеттен
2026 жылы тілектің орындалуына арналған аскеза
 
Сиқырлы ойлаудың атрибуты ма, әлде мақсатқа жетудің нақты құралы ма?
 
Қазір аскеза ұғымы мен механизмі қоғам мүшелеріне таныс және көп жағдайда шынымен де қалаған нәтижеге жетуге көмектеседі. Сәнге айналған осы әлеуметтік феноменнің артында не тұр?
 
Бұрын аскеза тек көне ілімдермен және монастырь тәртібімен ғана байланысты ұғым болған. Ұғымның түп-тамыры Ежелгі Грекиядан бастау алады: ἄσκησις термині рухани мақсаттарға жету үшін өзін-өзі тәрбиелеу, өзін шектеу және ішкі жұмыс арқылы даму үдерісін білдірген. Аскеттер батырлар мен даналар ретінде құрметтелген. Бұл тәжірибе рухани өсу мен Құдайдың рақымына жету үшін қолданылған.
 
Ғасырлар, тіпті мыңжылдықтар өткен соң, аскеза ұғымы діни шеңберден шығып, қарапайым адамдардың өміріне енді және жаңа мағынаға ие болды. Қазіргі адамдар белгілі бір уәде беріп, оны орындау арқылы армандаған тілегіне жете алатынына сенеді.
 
Темекіні тастасаң – ақша келеді, ұн мен тәттіден бас тартсаң – 20 келі арықтап, армандаған серігіңді жолықтырасың деген ұсынысты қалай қабылдайсың? Алғаш естігенде бұл біртүрлі немесе аңғал көрінуі мүмкін. Алайда аскезада ешқандай сиқыр да, мистика да жоқ.
 
Өзін-өзі рухани дамыту арқылы адам ойлауын, мінезін өзгертеді. Ол қалағанына жетудің жолдарын бейсаналы түрде іздей бастайды және өмір ұсынып жатқан мүмкіндіктерге сай жаңа болмыс қалыптастырады. Сондықтан аскеза шынымен де оң өзгерістерге әкелуі мүмкін. Бірақ ойланбай жасалған аскеза физикалық немесе психикалық денсаулыққа зиян тигізуі де ықтимал. 
 
Аскеза деген не?
 
Қарапайым тілмен айтқанда, аскеза – бұл тілектің орындалуына айырбас ретінде өз-өзіңе берілетін, өзін-өзі тәртіпке шақыратын уәде. Ол жазбаша да, ауызша да берілуі мүмкін. Аскезаның формасы біршама келісімге ұқсайды, өзіңізге белгілі бір міндеттеме алып, уақыт шеңберін белгілейсіз және сол мерзім өткен соң тілегім орындалады деп үміттенесіз.
 
Бұл кішкентай балалардың «Мен жыл бойы жақсы оқимын. Ал сен маған шыршаның астына бір қап кәмпит тастап кет» деген Аяз атаға  жазған хатына ұқсайды.
 
Өкінішке қарай, ересек өмірде бұл тікелей жұмыс істемейді. Тілек уәдемен тікелей байланысты болғанда және адам өз шындығының авторы өзі екенін түсінгенде ғана орындалады. Сондықтан дұрыс аскеза – бұл Ғаламмен саудаласу емес, өз-өзіңмен жүргізілетін терең ішкі жұмыс. Ал орындалған тілек – басты мақсат емес, жағымды бонус қана.
 
Аскеза туралы пайдалы мәліметтер
 
Бүгінгі аскезаларға деген қызығушылық – саналы өмір сүруге деген жалпы трендтің бір бөлігі. Сондықтан мифті шындықтан ажыратып, маңызды тұстарын анықтап алу қажет.
 
Маңызды шарт:
• Тілек тек сізге қатысты болуы керек. Басқа адамның еркіне, таңдауына әсер етуге болмайды.
 
Аскезаның күрделілігі:
• Орташа, бірақ сезілетіндей болуы тиіс. Айына екі-ақ рет фастфуд жейтін адамға одан бас тарту аскеза болып саналмайды.
• Тәттіден, еттен, майлы тағамнан толық бас тарту немесе бірден веган болу – дұрыс емес. Бұл психика мен денсаулыққа кері әсер етеді.
• Кедергіні сезіну керек: мысалы, әдетте екі күнде бір рет 2 км жүгірсеңіз, аскеза кезінде күн сайын 4 км жүгіру керек болады.
 
Тілек пен күштің теңдігі:
• Үлесіңіз бен қалауыңыз тең дәрежеде болуы керек. Күнделікті кофеден бас тартып, жалақыны үш есе арттыруды күту шындыққа жанаспайтын аскеза.
 
Прогресті бақылау:
• Күнтізбеге белгілеп отырыңыз немесе күнделік жүргізіңіз.
 
Аскезаның түрлері
 
Қазіргі әлем тұрақсыздығымен қорқытады. Аскеза рухани тәжірибе ретінде адамға өзін мықты сезінуге, өзгерістерге тез бейімделуге көмектеседі. Егер ішкі дайындық бар болса әрекет етіңіз. Ең бастысы – фанатизмге берілмеу. Шамадан тыс ашығу, күш түсіретін ауыр жүктемелер мен ұзақ уақыт қоғамнан оқшаулану – әлсіреуге және психологиялық қиындықтарға әкелуі мүмкін. Табыстың кілті – тепе-теңдік пен өз-өзіңді құрметтеу.
 
Қозғалыс аскезасы
 
Бұл – физикалық жайсыздықты саналы түрде жеңу. Мысалы темекі, алкоголь, тәттіге тәуелділіктен бас тарту; таңғы жүгіру, пресс жаттығулары, планка; шынығу. Рацион мен жаттығу режимін нақты белгілеу маңызды. Кенеттен өзгеріс жасамас бұрын дәрігермен кеңескен жөн.
 
Ақпараттық аскеза
 
Әлеуметтік желілерге жұмсалатын уақытты қысқарту, цифрлық детокс – эмоциялық күй мен жұмыс өнімділігіне оң әсер етеді. Бәріне бірдей толық бас тарту  мүмкін емес, бірақ ұйықтаудан 2 сағат бұрын гаджет қолдануды тоқтатудың өзі пайдалы. Бұл аскеза ерік-жігерді күшейтіп, денсаулықты жақсартады.
 
Эмоциялық аскеза
 
Бұл эмоциядан толық бас тарту емес. Мысалы, шағымданбау, өсек айтпау; ашуды тежей білу; негатив ойлардан саналы түрде бас тартудың өзі аскезаның осы түріне жатады. Бұл әдеттер «мәңгілік құрбан» бейнесін қалыптастырады. Ал негатив ойлардан бас тарту мінезді түбегейлі өзгертіп, мақсатқа жақындатады.
 
Сөз аскезасы
 
Мұнда басты назар – сөзге аударылады. Мысалы, айқайдан, ұрыстан бас тарту; боқтық, балағат, сөз-паразиттерді қолданбау сияқты. Таза, сауатты сөйлеу адамды сенімді әрі кәсіби маман ретінде көрсетеді, бұл мансаптық өрлеуге де тікелей әсер етеді.
 
Тілек орындалу үшін аскезаны қалай дұрыс қойып, аяқтау керек?
 
Міндетті 6 ереже:
1. Тілекті «жоқ» деген сөзді қолданбай, қазіргі шақта жазыңыз.
2. Тілек пен уәдені нақты тұжырымдап, мерзімін белгілеңіз.
3. Тілекті жазумен бекітіңіз – бұл психологиялық тұрғыдан да тиімді.
4. Тілек тек өзіңізге қатысты болсын.
5. Бас тарту шынымен қиын нәрсе болуы керек.
6. Аяқтағанда алғыс білдіріп, тәжірибені саналы түрде қорытындылаңыз.
 
Егер процесс барысында жолай тілегіңіздің өзгергенін түсінсеңіз – аскезаны ерте аяқтауға болады. Бұл әлсіздік емес, саналықтың белгісі.
 
Аскеза мәтінін жазу үлгісі
 
Мен, (аты-жөніңіз), (уәде мазмұны) бойынша (басталу күні – аяқталу күні) аралығында аскеза аламын. Бұл тәжірибеден жинақталған барлық энергияны (тілек) орындауға бағыттаймын. Өзіме және айналама пайда әкелсін деп, алғыс сезімімен қабылдаймын.
 
Аскеза қанша күнге созылуы керек?
 
Ең аз дегенде 21 күн. Себебі жаңа әдеттер осы уақытта қалыптасады. Алғашқы 1–2 аптадан кейін ерік-жігер әлсіреп, бәрін тастағыңыз келуі мүмкін, бұл қалыпты жағдай, бастау үшін 20–30 күн жеткілікті.
 
Әйелдер мен ерлерге арналған аскеза мысалдары
 
Қарым-қатынасқа:
30 күн бойы таңғы жүгіру – сүйіктіңді  жолықтыруға ниет ету.
 
Мансапқа:
Балағат пен сөз-паразиттерден бас тарту – қызметтік өсуге бағыттау.
 
Саяхатқа:
Әлеуметтік желіге күніне 3 сағаттан артық уақыт бөлмеу – демалысқа энергия жинау.
 
Сатып алуға:
3 ай темекіден бас тарту – жаңа көлік алуға ниет ету.
 
Арықтауға:
22:00-де ұйықтау әдеті – денсаулықты сақтай отырып, қалаған сымбатқа жету.
 
Сарапшылар пікірі
 
Психолог:
Аскеза – ерік-жігерді күшейтетін, ішкі шуды азайтып, ресурсты мақсатқа бағыттайтын тиімді психологиялық құрал.
 
Эзотерик:
Аскеза – бұл жаттығу. Кез келген аскеза уақыт өте келе әдетке айналады. Өзіңді шектеу арқылы рухани тұрғыдан өсіп, құндылықтарын қайта қарап "жаңарған" адам болып шығасыз.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

12:19

12:05

11:47

11:34

11:18

11:05

10:54

10:44

10:32

10:22

10:10

09:48

09:29

09:10

08:31

17:01

15:10

14:15

12:31

11:47

11:18

17:13

16:34

16:33

16:32