AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Тұлға / Әскерилер батыр ұшқышты еске алды

Әскерилер батыр ұшқышты еске алды

Тұлға 05.08.2021, 15:42 2,364
Әскерилер батыр ұшқышты еске алды
Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Бүгін даңқты ұшқыш, екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Талғат Бигелдиновтің туғанына 99 жыл толды.


7 жыл бұрын өмірден өткен ұшқыштың құрметіне әскери қызметшілер Нұр-Сұлтан қаласындағы батырдың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Оған Халық Қаһарманы, армия генералы Мұхтар Алтынбаев, Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы, авиация генерал-лейтенанты Нұрлан Орманбетов, Қазақстан әскери-әуе күштерінің ардагерлері мен офицерлері қатысты.



«Бүгін біз Талғат Жақыпбекұлының ерлігіне тағзым етіп, құрмет көрсету үшін жиналып отырмыз. Лайықты ізбасарларды, тәуелсіз Қазақстанның әскери ұшқыштарын, Отан қорғаушыларын даярлайтын Әуе қорғанысы күштерінің әскери институты батырдың есімін мақтанышпен алып жүр. Біздің жүрегімізде даңқты батыр туралы жарқын естеліктер мәңгі сақталады. Батырдың «Оқыңыз. Үйреніңіз. Жан-тәні сау мықты азамат болыңыз. Өзіңізді қиындыққа төзе білуге үйретіңіз. Кез келген жағдайда, кез келген қиындықта рухы мықты адам ғана жеңімпаз болады. Аға буынның жауынгерлік дәстүрлерін, еңбекқорлығын ұстанатын адал мұрагері болыңыз» деген өсиетін әрқашан ұстанамыз», – деді авиация генерал-лейтенанты Нұрлан Орманбетов.



Талғат Бигелдинов Балашовский авиациялық училищесінің курсантынан бастап бірінші Украина майданы құрамындағы 144-ші гвардиялық авиациялық полктің эскадрилья командиріне дейінгі еңбек жолынан жүріп өтті.


Соғыс кезінде ол Ил-2 шабуылдаушы ұшағында 305 рет ұшып, батырлық, ұшуда шеберлік танытып, ең жауапты тапсырмаларды сәтті орындады. Талғат Бигелдинов ерлігі үшін Ленин, Қызыл Ту, Александр Невский, Қызыл Жұлдыз, III дәрежелі Даңқ, I және II дәрежелі Отан соғысы ордендерімен наградталды, екі рет Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды. Соғыстан кейінгі жылдары Талғат Бигелдинов әскери және азаматтық авиацияда қызмет етіп, қоғамдық жұмыспен айналысты.


Талғат Жақыпбекұлы Бигелдинов 2014 жылғы 10 қарашада қайтыс болды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#бигелдинов #ұшқыш #Батыр #еске алу #ескерткіш #гүл
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық Камиля Досмалова пара таэквондодан Азия чемпионы атанды

Бүгін 16:51

Алматы тұрғындары «Таза бейсенбі» экологиялық акциясына қатысты

Бүгін 16:49

Алматы полициясы жасөспірімдерді есірткі саудасынан сақтандырды

Бүгін 15:42

Кәсіпкерлерге арналған бағдарламалар: Алматы бизнесіне қандай мемлекеттік қолдау шаралары қолжетімді

Бүгін 15:39

Алматы мектептерінде 357 мыңнан астам оқушы оқу жылын аяқтады

Бүгін 15:01
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);