Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Әскери қызметшілердің жалақылары 30%-ға өседі

Әскери қызметшілердің жалақылары 30%-ға өседі

Әлеумет 14.01.2024, 07:39 967
Әскери қызметшілердің  жалақылары 30%-ға өседі
gov.kz

ҚР Қорғаныс министрлігі Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бастығы әділет полковнигі Тілеухан Басқожаев Ақтау гарнизонына барып, сарбаздармен және командирлермен кездесті, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Теңіз жаяу әскерлері, Әуе шабуылына қарсы қорғаныс бригадаларының және материалдық-техникалық қамтамасыз ету базасының жеке құрамымен кездесуде әділет полковнигі Тілеухан Басқожаев 2024 оқу жылында Қарулы күштердің алдына қойылған міндеттерді айтты. Сонымен қатар, "Егемен Қазақстан" республикалық газетінде жарияланған ел Президентінің сұхбатындағы негізгі тезистерге жеке тоқталды.


Департамент бастығы кездесуге қатысушыларды әскери қызметшілердің әлеуметтік пакетіндегі өзгерістер туралы хабардар етті.



– Соңғы үш жыл ішінде лауазымдық жалақыны кезең-кезеңмен ұлғайту жүргізілді. Биыл Қарулы күштердегі қатардағы және сержанттық құрам лауазымдарының тарифтік санаттары және әскери қызметшілердің әскери атағы бойынша жалақылары 30%-ға өседі, – деді Департамент бастығы.




Ол сонымен қатар қорғаныс ведомствосының мерзімді қызметтегі сарбаздарына арналған кредиттік демалыстар, ал армияда қызмет атқарған азаматтарға білім беру жеңілдіктерін беруге қатысты жобаларды егжей-тегжейлі түсіндіріп берді.


Командирлермен әңгімелесу барысында әділет полковнигі Тілеухан Басқожаев әскери ұжымдарда қолайлы моральдық-психологиялық ахуалды сақтаудың маңыздылығына назар аударды. Ол оқу-жауынгерлік тапсырмаларды сәтті орындау көбіне осыған байланысты екенін атап өтті. Кездесуде әскери бөлімдерді жасақтау, офицерлер мен сержанттарды ротациялау мәселелері де қозғалды.


Шабуылдау батальонының штаб бастығы аға лейтенант Жәнібек Азамбай кездесу барысында марапатқа ие болды. Жауынгерлік және мемлекеттік-құқықтық дайындықтағы жетістіктері үшін әділет полковнигі Тілеухан Басқожаев Қорғаныс министрінің атынан әскери қызметшіге қол сағатын табыс етті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #әскер #жалақы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Құтқаруға берілетін 96 сағат: кене шаққанда не істеу керек және Алматыда қайда жүгінуге болады?

Бүгін 16:23

Дина Исламбекова бокстан Азия чемпионатында алтын медальға ие болды

Бүгін 16:06

Алматыда өңірлік «Аналитика мектебіне» өтінім қабылдау басталды: қатысушылар қаланың болашағы үшін шешімдер әзірлейді

Бүгін 15:46

Қазақстанда мұғалімдерді аттестаттауға қатысты жаңа өзгерістер енгізілді

Бүгін 15:26

Ұлттық метаболикалық код 2026: болашақтың медицинасы үшін пәнаралық диалог

Бүгін 14:52
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика