AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Әскери борышын өтеген мыңнан астам сарбаз грант ие...

Әскери борышын өтеген мыңнан астам сарбаз грант иегері атанды

Білім және ғылым 23.04.2026, 18:58 241 yakiya
Әскери борышын өтеген мыңнан астам сарбаз грант иегері атанды

Астанадағы Еркеғали Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармонияда запасқа шыққан әскери қызметшілерге жоғары оқу орындарында тегін білім алу үшін сертификаттар табыстаудың салтанатты рәсімі өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Іс-шараға Қорғаныс министрлігінің, Астана қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің басшылығы, Сенат депутаттары, әскери қызметшілер, Қарулы күштердің ардагерлері, елордалық мектептер мен колледждердің оқушылары қатысты.

Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары, генерал-майор Асқар Мұстабеков запастағы әскери қызметшілерге жоғары оқу орындарында білім алуға арналған сертификаттарды тапсырды.

– Бұл сертификат – сендердің адал қызметтеріңнің лайықты жемісі. Осы мүмкіндікті алда сенімді өсіп-өркендеу үшін пайдалана біліңдер, – деді министрдің орынбасары грант иегерлеріне арнаған сөзінде.

Салтанатты рәсім барысында әскери қызметшілерді Парламент Сенатының депутаты Ғалиасқар Сарыбаев құттықтады.

– Сендер армия мектебінде шыңдалып, жаңа бастамаларға жол аштыңдар. Бұл қадам үлкен жолдың құтты қадамы болсын, – деді ол.

Әскери қызметшілердің бірінің туысы Гүлнар Жәкетова өз ойын білдірді:

– Отбасымыз үшін үлкен қуаныш әрі көрсетілген қолдау. Мұндай бастамалар балаларымыздың болашағы үшін сенімділік тудырады, – деді.

Грант иегерлерінің қатарында Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде оқуға жолдама алған алған кіші сержант Бейбарыс Хасен де бар.

– Мен үшін бұл әскерде жеткен басты жетістігім. Командирлерім мен жақындарымның қолдауы үшін алғысымды айтамын, – деді ол.

Айта кетейік, Қорғаныс министрлігінің бастамасымен 2023 жылы басталған «Сарбаз 2.0» жобасы заң жүзінде бекітілген. Бұл жоба әскерде борышын өткерген азаматтарға Ұлттық бірыңғай тест тапсырмай, жоғары оқу орындарына түсуге мүмкіндік береді. Жауынгерлік дайындық үздіктеріне сонымен бірге жатақханадан орын беріледі және стипендия төленеді.

Мемлекеттік грантқа үміткерлерді іріктеу «Сарбаз 2.0» цифрлық жүйесі арқылы жүзеге асырылды.

2023-2025 жылдар аралығында жүйеде барлығы 180 мыңнан астам әскери қызметші тіркеліп, оның ішінде «Көктем-2025» әскерге шақыру шеңберінде – 18 мыңнан астам адам грант алды. Іріктеу қорытындысы бойынша білім гранттары былайша бөлінді: Қорғаныс министрлігі – 492 орын, Ұлттық ұлан – 493 орын, ҰҚК Шекара қызметі – 112, Төтенше жағдайлар министрлігі – 28 орын, Мемлекеттік күзет қызметі – 29 орын.

Еске сала кетейік, Ұлттық ұлан әскери бөлімдерге жасанды интеллект жүйесін енгізе бастады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#грант
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Грант, сыйлық, шәкіртақы: дарынды жастардың дамуына жол ашатын бастамалар

Бүгін 21:08

Параатлеттер Astana Half Marathon жарысына қатысты

Бүгін 21:04

Прокуратура суық қаруға қатысты заң талаптарын еске салды

Бүгін 15:26

«Таза Қазақстан»: Astana Half Marathon аясында ерекше экологиялық акция ұйымдастырылды

Бүгін 15:06

Жаңа музыкалық толқындағы бес жыл: Алматыда мерейтойлық BEU Fest фестивалі дүркіреп өтті

Бүгін 14:46
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);