AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Хабарлама / Әскери барлаушылар күні атап өтілуде

Әскери барлаушылар күні атап өтілуде

Хабарлама 05.11.2021, 13:44 1,959
Әскери барлаушылар күні атап өтілуде
Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Қазақстанның Қарулы Күштері мамандарды даярлауда шетелдіктерден кем түспейді.


1992 жылы дәл осы күні Қазақстан Қарулы Күштері Бас штабының Барлау басқармасы құрылды. 5 қараша – барлау бөлімшелері әскери қызметшілерінің кәсіби мерекесі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Әскери барлау мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарып, елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға айтарлықтай үлес қосады.


Бүгінгі күні арнайы операциялар күштері, барлау бөлімдері мен арнайы мақсаттағы бөлімшелер қарқынды дамуда.



Жедел, жауынгерлік даярлық іс-шаралары барысында барлаушылар дағдыларын және шеберліктерін жетілдіріп, шыңдайды. 2021 жылы барлау бөлімшелерінің әскери қызметшілері «Қалқан», «Іздеу», «Отпантау» оқу-жаттығуларына қатысты. Соңғы маневрлер барысында әуе және жер үсті барлауының бүкіл іс-қимылдарын әскерлер топтары іске асырды. Нәтижесінде шартты қарсыластың күштері мен құралдарына жоғары дәл соққылар жасалды.



Оқу-жаттығулар мен кешенді тексерулердің нәтижелері Қазақстанның Қарулы Күштерінде мамандарды даярлаудың шетелдіктерден кем түспейтін дербес, отандық жүйесі барлығын дәлелдейді.


Аса күрделі, өмірге қауіпті тапсырмаларды орындауда барлау бөлімшелерінің әскери қызметшілері айрықша төзімділік, батылдық пен кәсіби шеберлік көрсетеді.


Отанға шын берілу, борышыңды сезіну, жанқиярлық таныту – мемлекет мүдделерін қорғау жолындағы әскери барлаушылардың басты қасиеттері.


 


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қарулы күштер #барлаушы #Әскери #Қазақстан #маман
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы әкімі Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру мәселесі бойынша кеңес өткізді

Бүгін 16:05

Мемлекет басшысы Түркия Президентіне жеделхат жолдады

Бүгін 15:55

Олжас Бектенов: Президент Жолдауы – алдағы кезеңге арналған мазмұндық тұрғыдан ең ауқымды бағдарламалық құжат

Бүгін 15:50

Қазақстанда медицина қызметкерлерінің жалақысы 40%-ға дейін артады

Бүгін 15:45

Құрылтай делегациясы Орталық Азия мемлекеттерінің IV Парламентаралық форумына қатысты

Бүгін 15:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);