AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Сайлау 2026 / Әскердегі алғашқы дауыс: жас әскери қызметшілер Ал...

Әскердегі алғашқы дауыс: жас әскери қызметшілер Алматы мәслихаты депутаттарының сайлауына қатысты

Сайлау 2026 Бүгін 09:24 47
Әскердегі алғашқы дауыс: жас әскери қызметшілер Алматы мәслихаты депутаттарының сайлауына қатысты
Алматы әкімдігі

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының сегіз әскери бөлімінде дауыс беру таңғы сағат 06:00-де басталды, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматыдағы 5571 әскери бөлімінің аумағында орналасқан №107 сайлау учаскесінде дауыс беру сағат 06:00-де басталды.

Алғашқылардың бірі болып Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы, генерал-майор Сәкентай Шекарбеков дауыс берді.

Мерзімді әскери қызмет өткеріп жүрген сарбаздардың көбі бүгін сайлауға алғаш рет қатысып жатыр. Олардың арасында екі ай бұрын Тараз қаласынан әскери қызметке шақырылған қатардағы жауынгер Еркебұлан Саухан да бар.

«Мен Тараз қаласынан әскери қызметке шақырылдым. Бүгін өмірімде алғаш рет дауыс бердім. Отанымыздың болашағына бей-жай қарай алмаймын. Сондықтан таңдау жасадым», – деді жас сарбаз.

Әскери бөлімде еркін әрі жасырын дауыс беру үшін барлық қажетті жағдай жасалған. Сайлау учаскесі дауыс беру жәшіктерімен және алты арнайы кабинамен жабдықталған.

Жалпы, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының сегіз әскери бөлімінде дауыс беру таңғы сағат 06:00-де басталды.

Еске салайық, бүгін Алматыда қалалық мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтіп жатыр. Қалада 670 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Дауыс беру сағат 20:00-ге дейін жалғасады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Сайлау сүйікті әндермен өтуде: Алматыда сайлаушылар караоке айтып жатыр

Бүгін 09:32

Отбасылық дәстүр: Олимпиада чемпионы Ермахан Ибраимов Алматы мәслихаты депутаттарының сайлауында дауыс берді

Бүгін 09:15

Алматылықтар үйде қалай дауыс бере алады: өтініштер сағат 12:00-ге дейін қабылданады

Бүгін 09:13

Алматыдағы сайлау учаскесінде сурет пен қолөнер бұйымдарының көрмесі ұйымдастырылды

Бүгін 09:02

Жұмыстан бірден сайлауға: Алматы кәсіпорындарының қызметкерлері дауыс берді

Бүгін 08:59
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);