AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Асхат Аймағамбетов: Педагогикалық мамандықты таңда...

Асхат Аймағамбетов: Педагогикалық мамандықты таңдаған үздік, көзі жанып тұрған жастар QyzPU-ға түсіп жатыр

Білім және ғылым 30.11.2024, 11:10 852
Асхат Аймағамбетов: Педагогикалық мамандықты таңдаған үздік, көзі жанып тұрған жастар QyzPU-ға түсіп жатыр
QyzPU

29 қараша күні Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Асхат Аймағамбетовпен кездесу өтті, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Кездесуге Басқарма Төрағасы – Ректоры Гүлмира Қанай, университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы, студенттер, магистранттар және докторанттар қатысты.

Шараның басты мақсаты – жоғары білім беру саласындағы өзекті мәселелерді талқылау, педагогика және білім беру саласындағы реформаларды жетілдіру жолдарын қарастыру, сондай-ақ заңнамалық деңгейде білім сапасын арттыруға бағытталған ұсыныстарды тыңдау.

«Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетін 80 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын. Бұл күнге үлкен дәрежеде, абыроймен жеткеніне куә болып отырмын. Білім алуға барлық мүмкіндік жасалған. Университеттің білім беру мазмұны да, материалдық-техникалық базасы да жаңарған. Педагогикалық мамандықты таңдаған үздік, мықты, көзі жанып тұрған жастар осы университетке түсіп жатыр. Бұл – еліміздің әрі қарай дамуын білдіреді, сенім ұялатады», – деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Асхат Аймағамбетов.

 Жиында педагогикалық этика, акамедиялық адалдық, сонымен қатар жоғары білім беру саласындағы өзекті мәселелер жан-жақты талқыланды.

 Еркін форматта өткен кездесуде жастар өздерін толғандырған мәселелерді қозғады. Қатысушылар Мәжіліс депутатына көкейкесті сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды.

 «Бүгінгі кездесуде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Асхат Аймағамбетовке өзімді толғандырған сұрақты қойдым. Мені алаңдатқан сұрақ аймақтардағы білім беру сапасын жақсарту мәселесі болды. Асхат Қанатұлы ауыл балаларының білім сапасын қолдау мақсатында бірқатар жоба бар екенін айтты. Сұрағыма нақты жауап алғаныма қуаныштымын», – деді Филология институтының «Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасының 4 курс студенті Аженова Ұлдамет Бахытқызы.

Кездесу аясында Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов Сералы Қаниев атындағы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеттің ғылыми кітапханасы мен басқа да жаңа маңызды нысандарды аралап, білім ордасының тыныс-тіршілігімен танысты. Сонымен қатар университеттің алдағы уақытта да сапалы білім беру ісіндегі рөлінің арта түсетініне сенім білдірді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Асхат Аймағамбетов #Мәжіліс депутаты #Студент
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Әуежайдағы әзіл: Жарылғыш құрылғы туралы айтқан шымкенттік жолаушы жауапқа тартылды

Бүгін 12:03

Көлік полицейлері мен еріктілер теміржол нысандарын граффитиден тазартты

Бүгін 11:28

Алматыдағы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының қатысушылары 13 еседен астам көбейді

Бүгін 11:16

Маңғыстауда Еңбек күніне орай сала үздіктері марапатталды

Бүгін 11:02

Алматы облысында 30 мың тонна өнім сақтайтын агрокешен іске қосылды

Бүгін 10:33
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);