Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
Референдум 00 күн 00 : 00 : 00
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Референдум 00 күн 00 сағ 00 мин 00 сек
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Балалар жылы / Асхат Аймағамбетов баларды кітап оқуға баулуға шақ...

Асхат Аймағамбетов баларды кітап оқуға баулуға шақырды

Балалар жылы 24.04.2022, 05:25 1,769
Асхат Аймағамбетов баларды кітап оқуға баулуға шақырды
Cурет: Inform.kz

Оқу жылы басталғалы мектеп кітапханалары 2 млн көркем әдебиетпен толықты


Халықаралық кітап және авторлық құқық күнімен құттықтаған Білім және ғылым министрі ата-аналардан балаларын кітап оқуға баулуды сұрады. Министр бұл өтінішін әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Шамамен бір айдан кейін оқушыларымыз каникулға шығады. Барлық ата-анадан балаларын кітап оқуға баулуды сұраймын. Ал балаларымыз кітап пен телефон арасындағы тепе-теңдікті ұмытпайды деп үміттенемін. Кітаптың электронды нұсқасын оқыған да жақсы. Кітап қашан да балаларды тәрбиелеудің, эмоционалды ақыл-ойын, сыни ойлауын, қиялын дамыту, сонымен қатар оның сөздік қорын толықтыру, ақылды және сауатты болуының үздік әдіс болып қала береді», - деп жазды Асхат Аймағамбетов.



Министрдің айтуынша, балаларды кітап оқуға баулу үшін еліміздегі балабақшаларда, мектептерде, колледждер мен университеттерде барлық қажетті жағдайды жасау маңызды. 2020 жылы «Оқуға құштар мектеп» жобасы іске қосылған.



«Оқу жылы басталғалы мектеп кітапханалары 2 млн көркем әдебиетпен толықты. Одан бөлек, кітапханаларда коворкинг орталықтар құрылып жатыр. Бүгінгі таңда олардың саны 500-ге жуық. Мектеп оқушыларының күнделікті 20 минуттық кітап оқу дағдысы енгізіледі», - дейді ведомство басшысы.



Министр қазақстандық университеттер мен колледждердің де кітапханаларын автоматтандырып, қайта жабдықтау жұмыстарын жүргізіп жатқанына тоқталған.



«Әрине, кітапты цифрландыруға және жайлы оқу залдарын ашуға қанша қаржы жұмсалса да, ең бастысы - балалардың кітап оқуға деген сүйіспеншілігін ояту. Оны жеке тәжірибемнен де білемін. Балалармен кітап көрмелері мен дүкендерге, әдеби кештерге барып тұру маңызды. Осыған дейін, бала кезімнен ғылыми фантастиканы жақсы көретінімді айтқан едім. Айзек Азимов, Рэй Брэдбери, ағайынды Стругацкийлердің шығармаларына деген қызығушылығым кейін ғылыми әдебиетке деген үлкен қызығушылыққа айналды», - деп министр тәжірибесімен бөлісіпті.



Бұған дейін хабарлағанымыздай, Түркі академиясын қаржыландыруға бюджеттен 1 млн доллар бөлінген.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#министр #кітап #бала
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Миопияның негізгі себептерін анықталды

Бүгін 17:42

Қазақстанның мектеп инфрақұрылымы бес жылда қалай өзгерді?

Бүгін 17:34

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ДӘРІ-ДӘРМЕКТЕРДІҢ ҮЛЕСІ 40%-ҒА ЖЕТТІ

Бүгін 17:30

WhatsApp-та 13 жасқа дейінгі балаларға арнайы аккаунттар қосылады

Бүгін 17:12

Алматыда ядролық тераностика орталығы құрылады

Бүгін 17:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика