AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Арсен Томский Қазақстанда университет ашпақшы

Арсен Томский Қазақстанда университет ашпақшы

Әлеумет 05.09.2024, 13:12 1,359
Арсен Томский Қазақстанда университет ашпақшы
primeminister.kz

Олжас Бектенов пен inDrive қызметінің негізін қалаушы Арсен Томский цифрлы индустрияны дамыту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов inDrive жаһандық көлік және қала қызметтері платформасының негізін қалаушы және СЕО Арсен Томскиймен кездесті. Цифрлы индустрияның өзекті мәселелері талқыланып, қазақстандықтардың тұрмыс сапасын жақсарту мақсатында жаңа шешімдер енгізу перспективалары қаралды.

 Қазақстанда цифрлы экожүйе құрылған, Орталық Азиядағы IT стартаптардың ірі халықаралық технопаркі жұмыс істейді, креативті шешімдерге белсенді түрде қолдау көрсетілуде. Ұлттық жасанды интеллект орталығын құру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

 «Мемлекет басшысы Жолдауда цифрландыру саласындағы жұмысты жандандыруды тапсырды. Бұл – басым міндет. Қазақстан экономика құрылымындағы цифрлы технологиялар үлесін ұлғайтуды және IT қызметтер экспортын одан әрі арттыруды мақсат етіп отыр. Біз ішкі нарықта ірі IT компаниялардың болуын құптаймыз», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Өз кезегінде Арсен Томский бірлескен цифрлы платформаларды енгізуге және интеллектуалды индустрияны дамытудағы ынтымақтастыққа қызығушылық танытты. Атап айтқанда, inDrive Қазақстанда IT, білім беру, ғылым, өнер және басқа да бағыттар бойынша білікті мамандарды даярлайтын 400 адам білім алатын inVision U университетін ашу туралы ұсыныс жасады.

Сонымен қатар компания ірі мегаполистерде ауа сапасын жақсарту бойынша бірқатар экологиялық бастаманы іске асыруды жоспарлап отыр. Бірінші жоба Алматыда жүзеге асырылады. Үкімет басшысы тиісті мемлекеттік органдарға қоғамдық жобаға көмек көрсетуді тапсырды.

Кездесу қорытындысы бойынша еңбек процестерінің заңдылығы мен ашықтығын, сондай-ақ жол қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызы атап өтілді. Сондай-ақ inDrive Қазақстанның платформалық жұмыспен қамту жөніндегі бастамасын қолдайды. 

Анықтама: 

inDrive әлемнің 46 елінің 750 қаласында қызмет көрсетеді. Компания 2021 жылы құны миллиард доллардан асқан компаниялар тізіміне еніп, бірегей мәртебеге қол жеткізді. 2022 жылы компанияның кеңсесі Алматыға көшірілді. Қазіргі уақытта Қазақстандағы inDrive кеңсесінде 800-ге жуық адам жұмыс істейді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Арсен Томский #университет #inDrive
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қанат Бозымбаев Атырау экологиясына қатысты мәселелерді жедел шешуді тапсырды

Бүгін 21:31

Алматының Бостандық ауданын көркейтуге 3 млрд теңгеден астам жеке инвестиция тартылды

Бүгін 19:46

Бостандық ауданында жаңа скверлер мен жүргіншілер аллеялары салынып жатыр

Бүгін 19:44

Бизнес, зауыттар мен тұрғын үй саны артты: Қазақстан жеті жылда қалай өзгерді?

Бүгін 19:28

Қасым-Жомарт Тоқаев Astana AI Film Festival халықаралық кинофестивалінің ашылу салтанатына қатысты

Бүгін 19:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);