Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Әрқашан күн сөнбесін

Әрқашан күн сөнбесін

Әлеумет 31.05.2025, 11:07 968
Әрқашан күн сөнбесін
Almaty-akshamy.kz

Алматы қаласы «Ерте араласу әлеуметтік қызметтер орталығы» балалар мен олардың қамқор отбасы үшін жылы атмосфераға толы «Әрқашан күн сөнбесін!» атты инклюзивті мереке ұйымдастырды. Іс-шара орталық аумағында өтті.

Балалар мейрамында ерекше балалардың емін-еркін ойнап күлуіне, дамыту, қолдау іс-шараларына түгел қатысуына мән берілді. Нақтырақ айтсақ, бүлдіршіндерге арналған интерактивті аймақ, түрлі-түсті бормен асфальтқа сурет салу, дамытушы ойындар, аниматорлардың өнер көрсетуі мен музыкалық нөмірлер ұйымдастырылды. 

Сондай-ақ, орталық мамандары ата-аналарға ерте жастағы даму кідірістерін анықтау мен түзету туралы кеңес беретін бұрыш ұйымдастырды.

_”Әр бала, өз ерекшелігіне қарамастан, бақытты күндер кешуге және толыққанды балалық шаққа құқылы. Біздің орталықтың мақсаты — отбасыларға уақытылы қолдау көрсету, болашаққа деген сенімін үстей түсу”, – дейді Алматы қаласы Ерте араласу орталығының директоры Нұрзия Әлімбекова.

Іс-шараға орталықтың серіктес-демеушісі – Қазақ географиялық қоғамы мен «SAM» компаниясы үлкен қолдау көрсетті. Балаларға түрлі ойыншық, тәттілер көтере келген Қазақ географиялық қоғамының қызметкері Дәулет Омаров және «SAM» компаниясынан Сәуле Қадырбаева мен Әлішер Анарқұлов сөз сөйлеп, балдырғандарға бақыт, шаттық, денсаулық тіледі.

Бұл мереке балаларға қуаныш сыйлап қана қоймай, қоғамның ерте араласу мен инклюзияның маңыздылығын түсінуіне де ықпал еткені сөзсіз.

Мереке қамқорлық пен қуанышқа толы атмосферада өтті. Бала да, оның ата-анасы да дән риза болды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қала #бала #мереке
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҒЫЛЫМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ҒЫЛЫМИ ОНКҮНДІК ӨЗ ЖҰМЫСЫН ҚОРЫТТЫ

Бүгін 19:20

Алматыда Розыбакиев көшесінің бір бөлігінде қозғалыс уақытша шектеледі

Бүгін 18:29

Алматыда Ғылым күні қарсаңында ғылыми жобаларды гранттық қаржыландыруға өтінім қабылдау басталды

Бүгін 18:17

Отты жырдың оғланы: Ақын Олжас Сүлейменов 90 жаста

Бүгін 18:13

«Цифрлық иммунитетті қалай қалыптастыруға болады?»

Бүгін 18:09
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика