конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Армияға бармаған 27 жастағы жігітке әскери билет б...

Армияға бармаған 27 жастағы жігітке әскери билет берілмейді

Әлеумет 26.12.2023, 13:12 1,574 Almaty-akshamy.kz. 
Армияға бармаған 27 жастағы жігітке әскери билет берілмейді
Сурет: ашық дереккөз

27 жасқа толған әскери борышын өтемеген адамға әскери билет берілмейді. Бұл туралы Қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов айтты, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 





«Армияға цифрлық технологияны енгізу жалғасып жатыр. Әскери міндеттіні, әскерге шақырылушыны есепке алу цифрлық форматқа ауыстырылды. Бұл жергілікті әскери басқару органының жұмысын автоматтандыруға мүмкіндік берді. Биыл біз әуе қорғанысы күштері үшін ақпараттық жүйені қабылдадық. Бұл еліміздің әуе кеңістігін пайдалануда ақпарат ағымын автоматты режимде өңдеуді арттырды. Әуе шебін қорғауда шешім қабылдау уақытын бірнеше есе қысқартуға мүмкіндік берді», - деді Қорғаныс министрінің орынбасары орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.




Оның атап өтуінше, халықпен өзара іс-қимыл мәселесіне баса назар аударылып отыр.




«Қызмет өткермеген, оның ішінде 27 жасқа толған адамға енді әскери билет берілмейді. Оның орнына әскери міндеттілік мәртебесі оның Egov жеке кабинетінде көрсетіледі. Жұмысқа орналасу кезінде әскери қызметке қатысы туралы анықтама алу қажет емес. Жұмыс беруші бұл ақпаратты Egov-тан көре алады. Цифрлық трансформация аясында бірқатар қызметті автоматты түрде жүзеге асыру мүмкін болды. Сонымен қатар, 17 жастағы азаматқа жеке істі жинақтау процесі толығымен автоматтандырылды. Цифрландыру бойынша барлық бастама жүйелі түрде іске асады», - деді Сұлтан Камалетдинов.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#әскер #құжат #технология #қорғаныс #азамат #жігіт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы педагогтердің кәсіби дамуы жаңа серпін алады

Бүгін 15:31

Алматыда экологтар 440-тан астам дизельді автокөлікті тексерді

Бүгін 15:15

Алматы хайуанаттар бағында керқұланның құлыны дүниеге келді

Бүгін 15:06

Президент тапсырмасына сәйкес, «Алматы – Қаскелең» автожолы сегіз жолаққа дейін кеңейтіледі

Бүгін 14:55

Алматыда жыл соңына дейін экологиялық Жол картасы аясында алты іс-шараны аяқтау жоспарланып отыр

Бүгін 14:29
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);