AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Аркадий Дворкович: Қазақстанда әлемнің үздік ойынш...

Аркадий Дворкович: Қазақстанда әлемнің үздік ойыншылары өздерінің ең жақсы қырларын көрсету үшін қолайлы жағдайлар жасалуда

Спорт 26.12.2022, 10:15 1,389
Аркадий Дворкович: Қазақстанда әлемнің үздік ойыншылары өздерінің ең жақсы қырларын көрсету үшін қолайлы жағдайлар жасалуда
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Қазақстан – шахматты білім беру бағдарламасына енгізген елдің бір мысалы.


Аяқталып келе жатқан 2022 жылдың соңғы аптасында Алматыда шахматтың рапид және блиц түрлерінен әлем чемпионатына әлемнің үздік ойыншылары жиналды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Осыған орай Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында баспасөз мәслихаты ұйымдастырылып, оның барысында Халықаралық шахмат федерациясының (ФИДЕ) президенті Аркадий Дворкович сөз сөйледі.


Спикер Қазақстанда ірі жарыстар бірінші рет өткізіліп отырмағанын айтты, өйткені дәл осы жерде әлемнің үздік ойыншылары өздерінің ең жақсы қасиеттерін көрсетуі үшін қонақжайлылық пен қолайлы жағдайлар жасалғанын атап өтті.



«Қазақстанда әйелдер арасындағы ФИДЕ гран-приінің кезеңі өтті, сонымен қатар Ақтөбеде менің әкемді еске алуға арналған «Владимир Дворкович мемориалы» халықаралық шахмат фестивалі өтті. Және, әрине, біз алдағы турнирлерді, соның ішінде балалар турнирлерін талқылап жатырмыз. Ел Президентіне, Үкіметке және «Фридом Финанс» серіктестеріне көрсетіліп жатқан қолдауы үшін алғыс айтқым келеді», - деді А.Дворкович.



«Үнді достарымыздың арқасында біз Олимпиаданы ұйымдастыруға қол жеткіздік, қыркүйектен қарашаға дейін бар болғаны үш айдың ішінде өткен жылдардан кейінге қалдырылған оннан астам әлем чемпионаттарын өткіздік. 2022 жылы шахматтың классикалық тақтада да, онлайн режимде де танымалдылығын арттыруға қол жеткіздік. Жүлде қорының өсіп келе жатқанын көріп отырмыз, біз Әйелдер шахматы жылын өткіздік және көп турнирлер, оқу-жаттығу процестері көп болды, ұйымдастырушы, менеджер және төреші ретінде әйелдердің көп болуына қол жеткізе алдық. Бұл әйелдер шахматының алдағы он жылына жақсы бастама деп сенеміз», - деді спикер.


Сонымен қатар, Халықаралық шахмат федерациясының президенті Аркадий Дворкович басты жетістік – көптеген елдерде жүзеге асырылып жатқан «Мектептегі шахмат» жобасы деп есептейді. Қазақстан – шахматты білім беру бағдарламасына енгізген елдің бір мысалы.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#шахмат #Алматы #чемпионат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда көктемгі әскерге шақыру басталды

Бүгін 19:27

Тоқаев: ғылымды қаржыландыру ісіне қатаң тәртіп керек

Бүгін 17:52

Алматыда “Батамен ел көгерер” атты батагөйлер байқауы өтті

Бүгін 17:29

Құндылықтар мен қолдау: отбасы арқылы экстремизм мен зорлық-зомбылыққа тосқауыл

Бүгін 17:14

Қазақстан және дін: догматтар мен адам құқықтарының үйлесімі

Бүгін 17:09
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика