конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Ардагер волейболшылар Абу-Дабиден жүлдемен оралды

Ардагер волейболшылар Абу-Дабиден жүлдемен оралды

Спорт 02.03.2026, 14:52 368
Ардагер волейболшылар Абу-Дабиден жүлдемен оралды
автордан

Елімізде «Ардагерлердің волейбол федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігі бар. Біраздан бері жұмыс істеп келеді. Оның құрамындағы Алматы филиалы да қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық түрлі байқауларда топ жарып жүр, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Жалпы, ардагер волейболшылар федерациясының басты мақсаты – волейбол спортын аға буын спортшылар арасында кеңінен насихаттау, олардың да уақытын тиімді өткізуіне, спортпен айналысуына мүмкіндік туғызу, сондай-ақ салауатты өмір салтын, бұқаралық спортты дәріптеу, сол арқылы ардагерлердің өзара достық қарым-қатынасын нығайту.

Құрамында кәсіпкер, әскери маман, профессор, генерал, дәрігер, еңбек адамы да бар Қазақстанның «Номад» ардагер волейболшылар құрамасы жуырда БАӘ-нің астанасы Абу-Дабиде өткен Open Masters Games халықарлық жарысында бірінші орын алып келді. Олар 55+ категориясында бақ сынағандар.

Ал Қазақстан құрама командасының сапындағы 65+ категориясы бойынша ойнаған тоғыз ойыншының төртеуі алматылық, яғни Тілеуқабыл Сахипов, Ғайнидин Меманов, Александр Пархоменко және Ғизатолла Жайтеміров. «Ардагерлердің волейбол федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігі Алматы қаласы филиалының директоры Амра Шалбарбаев бапкерлік еткен бұл команда Моңғолия құрамасынан кейінгі екінші жүлделі орынды қанжығасына байлады.

«Біздің ардагерлер классикалық волейболда да, жағажай волейболында да тамаша ойын өрнегін көрсетті. Біз 65+ категориясында екінші орынды иеленген болсақ, 55+ категориясындағы мықтыларымыз бірінші тұғырға көтерілді. Жасы жетпістен асқан ақсақалдарымыздың өзі Ресей, Польша командаларымен тартысты ойнады. Олар әлі де аттан түсе қоймайтындарын, әлі де болса спортпен қоштасудың ерте екенін тағы бір дәлелдеді десек болады. Бұл ардагерлеріміздің өздерінің сонау жастық шақтан серік болып келе жатқан хоббиіне деген құштарлығының, адалдығының тағы бір дәлелі. Осы жетістігіміз кейінгі ұрпаққа сөзсіз тәрбие, үлгі. Осындай жарыс келесі жылы Италияда өтеді. Одан да қалмаймыз деп отырмыз», – дейді «Ардагерлердің волейбол федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігі Алматы қаласы филиалының мүшесі Тілеуқабыл Сахипов.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Канье Уэсттің концерті кезінде Алматының Орталық стадион аумағында Tele2/Altel уақытша шектеледі

Бүгін 19:39

15 тамызда Алматыда өтетін YE концерті: жол қозғалысы қалай шектеледі және қоғамдық көлік қалай жұмыс істейді

Бүгін 18:00

Алматыда өткен кәсіпкерлер форумында «Әділет» партиясы отандық бизнесті дамыту бағдарламасын таныстырды

Бүгін 17:45

Алматыда алманың жаңа сұрпына «Әділет» атауы беріледі

Бүгін 17:32

«Әділет» республикалық сайлауалды штабы Алматының зиялы қауым өкілдерімен кездесті

Бүгін 17:28
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);