AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Әрбір оныншы қазақстандық бүйрек ауруына шалдыққан

Әрбір оныншы қазақстандық бүйрек ауруына шалдыққан

Медицина 11.06.2025, 12:40 666 dulatbekova
Әрбір оныншы қазақстандық бүйрек ауруына шалдыққан
Сурет: Astanatv.kz

Бүгін Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназароваға елімізде кең таралып келе жатқан созылмалы бүйрек ауруына (СБА) қатысты депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Депутаттың айтуынша, бұл дерт қазір бүкіл әлемде алаңдатарлық қарқынмен таралып жатыр. 2021 жылы СБА салдарынан 4 миллион адам көз жұмған, яғни әлем бойынша әр 8 секунд сайын бір адам осы дерттен қайтыс болуда. Бүгінде жер шарында 850 миллионнан астам адам СБА-мен өмір сүріп жатыр, бұл – жаһан халқының 10 пайыздан астамын құрайды. Ауруға әсіресе қарттар, әйелдер, қант диабеті мен артериялық гипертонияға шалдыққандар бейім.

Қазақстандағы жағдай да күрделі. Елде әрбір оныншы азамат СБА-ға шалдыққанымен, олардың тек 14%-ына ғана ресми диагноз қойылады. Қазіргі уақытта 3 600-ге жуық адам бүйрек трансплантациясын күтіп, арнайы кезекте тұр. Олардың қатарында 80-нен астам бала бар.

«Егер біз бұл үрдіске дер кезінде тосқауыл қоймасақ, болашақта бұл дерт денсаулық сақтау жүйесіне ғана емес, жалпы экономикаға ауыр салмақ салады», – деді депутат.

Мұқаевтың айтуынша, бір ғана науқастың жылдық гемодиализі мемлекетке 5,6 миллион теңгеден астам шығын әкеледі. Қазір елде 12 мыңнан астам адам диализ қабылдайды, бұл жыл сайын бюджеттің 67 миллиард теңгесінен астам қаражатын талап етеді.

СБА көбінесе алдын алуға болатын аурулармен байланысты: қант диабеті, артериялық гипертензия және семіздік – басты қауіп факторлары. 2019 жылғы деректерге сүйенсек, дәл осы үш дерт созылмалы бүйрек жетіспеушілігінің негізгі себебі ретінде танылған.

«Мәселен, 1990 жылдан 2019 жылға дейін гипертониямен ауыратындар саны екі есе өсіп, 1,3 миллиард адамға жетті. Алайда олардың жартысынан көбі өзінің қан қысымының жоғары екенін де білмейді», – деді депутат.

Оның айтуынша, бүгінде диабетпен өмір сүріп жатқан 537 миллион адамның шамамен 40 пайызында СБА дамиды. Бұл – Қазақстан үшін де аса өзекті мәселе, себебі елде диабет пен гипертонияға шалдыққандар саны жыл сайын өсіп келеді.

Осы орайда депутат министрлікке келесі шараларды ұсынды:

         •        СБА-ны ерте анықтау үшін скринингтік бағдарламалар арқылы тегін профилактикалық тексерулерді енгізу;

         •        Алғашқы медициналық көмекті күшейтіп, қант диабеті мен гипертонияны басқару бағдарламаларын жетілдіру;

         •        Халық арасында салауатты өмір салты мен дұрыс тамақтану мәдениетін насихаттайтын кешенді ақпараттық науқандар жүргізу;

         •        Нефрологиялық қызметтерді дамытуға арналған ұлттық стратегия қабылдау;

         •        СБА бойынша нақты деректер базасын қалыптастыру үшін цифрлық мәліметтер жинау мен талдау жүйесін жетілдіру.

«Бұл мәселе тек медицина саласының шеңберінде қалмауы тиіс. Оған стратегиялық және ұлттық қауіпсіздік тұрғысынан қарауымыз керек», – деп қорытындылады Дәулет Мұқаев.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#созылмалы бүйрек ауруы #депутаттық сауал #Дәулет Мұқаев
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының Алатау ауданында Шәріпов көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Кеше 22:09

Мемлекет басшысы цифрландырудың елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыратын негізгі фактор екенін айтты

Кеше 20:14

Мемлекет басшысы Еуразиялық көлік дәліздерін цифрландырудың маңызын атап өтті

Кеше 20:06

Тоқаев ЕАЭО байланыстарын кеңейту туралы айтты

Кеше 20:03

Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында сөйледі

Кеше 18:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);