Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Ақынды ақын қолдай ма?

Ақынды ақын қолдай ма?

Мәдениет 25.08.2023, 06:03 1,033
Ақынды ақын қолдай ма?

Қырғыз президентінің Біржан Қалдыбаевқа арғымақ сыйлауы әлеуметтік желіде алуан әңгімеге арқау болды.


Бұдан бұрын айтыс ақындары мен жыршы - термешілер одағы төрағасының бірінші орынбасары Аманжол Әлтаевтың пікірін ұсынғанбыз.


Кеше осыған қатысты Қырғыз президенті Аманжол Әлтаевқа жауап бергенін хабарладық.


Бүгін сөз қадірін түсірмеген қазақтың қос ақынының Аманжол Әлтаевты қолдаған пікірін ұсынамыз.


Ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Ғалым Жайлыбай өзінің ФБ парақшасында былай деп жазды:


...Қырғызға барып "арнау" айтып, қасиетті жырдың байрағын биік көтере алмаған бауырымызға қаратып айтқан Аманжол Әлтаевтың сын пікіріне байланысты әлеуметтік желіде түрлі пікірлер жазылып жатыр. Біздің халық тіпті сөз ұғудан қалған ба деп қалдым. Ескертпе, сын айтудын да жөн-жобасы,  мәдениеті болады. Қазақ айтыс өнерінің қайталанбас тұлғаларының бірі, арда азамат, қайраткер інім Аманжол айтса " сөз арасы бөтен сөзбен былғанбағанын" қалағаннан айтты. Өлең-ырғақ пен үйлесімнің, образ бен суреттің,  ұйқас пен сұлулықтың көрігінен шыққанда  ғана  өлең. Жаяу келдім,  баяу келдім деп сыдырта беру кімге абырой әпереді?


Аманжол бұл жерде қазақ өлеңінің абыройы үшін айтып тұр. "Тұлпар мінгенді қызғанды" деген не сұмдық? Соңына ерген жігітке олжа салып,  сан тұлпарды өзі де  азаматтарға мінгізіп жүрген жоқ па? Аманжол бауырымды ғұмыр бойы білетін ағасы ретінде оның жанының жарығын,  табиғи дарынын, адами қалыбын жақсы түйсінемін. Сан жоқ-жітікке көмек қолын созғанына да куәмін.


"Ақын өлтіру  ойыны" ойын біткеннің жаманы,  ардақты ағайын! Пікір айтарда сақ болайықшы!


Кеше ғана 165 жылдығын тойлаған Мәшһүр Жүсіп әулие былай дегені бар: " Бұрынғы өрнекті хан, үлгілі билердің сөздерін айтушы да таусылды,  шын құлақпен тындаушы да таусылды. Енді сұм жалғанның сұмдық сөзі. Ел тозығы жетіп,сөзден азғандық белгісі - осы.


Құрттай бала күнімізде ақ сақалды қариялар айтып отырушы еді:


- Айтайын десең, тындаушы жоқ; тыңдайын десең,  айтушы жоқ! - деп. "Құлақ  естігенді көз бір көрмек. "Соны, міне, біз бұл күнде көріп отырмыз."


Иә, солай...


 


Ал төмендегі жазба ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, ақын Жанарбек Әшімжанның ФБ парақшасынан алынды:


Аманжол Әлтай — астындағы жалғыз атын түсіп беріп, жүген ұстап қалатынның нағыз өзі. Қаншама сапарларда бірге жүрміз, қызғаныштың қызыл итінен ада, "кісіге болса екен" деп жүретін жомарт болмысына сәт сайын куәміз.


Бармақтай кезінен атамұра айтыс өнерінің дамуына дамылсыз қызмет етіп келе жатқан Азамат!


Сөз өнеріне көлеңке түссе жанын жалау, Арын алау ететін Ғалым!


Ұлттық мұраттардың ауласына ұры түссе атойлап шығатын Қайраткер!


Аға-іні болып сыйласып жүргенімізге де он жылдан аса уақыт болыпты.


Өте байсалды, ұстамды, мәдениетті.


Болмысы нәзік көрінгенімен, әділетсіздікке, қараулыққа жаны төзбейді.


Кесіп, пішіп турасын айтады.


Ал Аужекеңнің әлеуметтік желіде айтқан ақ-адал сөзін ой-қырға алып қашып "арнау айтқан жігітке мінгізген атты қызғаныпты" деп айыптау — соқырдан көз, мылқаудан тіл сұрапты дегенмен бірдей ғой…


Қазақ жұрты сүйегіне сөз сіңген халық қой.


Тура айтпақ түгіл емеурінмен айтылған сөздің астарындағы астаң-кестең ағыстарын сезіп, біліп, баға беріп отырады.


Ал Құдайшылығына келсек, кешегі сөздің атасы өліп бара жатқанда айтқан Аужекеңнің сыны да, тілегі де орынды.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қырғыз #ақын #арғымақ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика