Ақтөбелік алаяқ онлайн несие арқылы азаматтарды 27 миллион теңгеге алдап кеткен

  • 14:13, 09 желтоқсан 2025
Ақтөбелік алаяқ онлайн несие арқылы азаматтарды 27 миллион теңгеге алдап кеткен Сурет: ЖИ

Ақтөбеде азаматтардың атына онлайн несие рәсімдеген алаяқ сотталды, - деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі.

Ақтөбе қаласының №2 соты ірі көлемдегі алаяқтық жасады деп айыпталған ер адамға қатысты қылмыстық істі қарады. Тергеу мәліметінше, ол сыбайластарының көмегімен өзін «Қазпошта» АҚ мен Ұлттық банктің қызметкері ретінде таныстырған.

Күдікті азаматтардың ұялы телефондарына келетін бір реттік құпия SMS-кодтарды алдап алған. Кейін сол деректер арқылы мобильді банкинг жүйесімен қаражатты өзі басқарған шоттарға аударып, жәбірленушілердің атына онлайн несие рәсімдеген.

Алаяқтың әрекетінен бес адам зардап шегіп, жалпы шығын көлемі 26,9 млн теңгені құрады.

Сот отырысында айыпталушы өз кінәсін мойындамағанымен, оның қылмысқа қатысы жәбірленушілердің жауабы, банктік төлем үзінділері және іс материалдарымен дәлелденді.

«Сот үкімімен азамат “Ч.” Қылмыстық кодекстің 28-бабы 5-бөлігі және 190-бабы 3-бөлігінің 1, 4-тармақтары бойынша кінәлі деп танылып, 4 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды», – делінген сот хабарламасында.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына байланысты жарияланған амнистия туралы заңға сәйкес, бұл мерзімнің бестен бірі қысқартылып, түпкілікті жаза 3 жыл 8 ай 24 күн бас бостандығынан айыру болып бекітілді.

Үкім заңды күшіне енді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

15:59

15:46

15:31

15:13

15:01

14:44

14:37

14:27

14:13

14:05

12:47

12:32

12:19

12:07

11:57

11:46

11:33

11:21

11:12

11:06

11:00

10:39

10:26

10:16

10:03