AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Ақтөбеде 9-сынып оқушысының өліміне кінәлі жеткінш...

Ақтөбеде 9-сынып оқушысының өліміне кінәлі жеткіншектерге жаза тағайындалды

Оқиға 07.10.2025, 09:18 538 Дина
Ақтөбеде 9-сынып оқушысының өліміне кінәлі жеткіншектерге жаза тағайындалды
Сурет: Polisia.kz

Ақтөбе облыстық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Темір ауданында 9-сынып оқушысының қазасына байланысты қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі. Бұл туралы облыстық соттардың баспасөз қызметі хабарлады.

Сот материалдарына сәйкес, 2024 жылдың қыркүйегінде Темір ауданында 10-11 сынып оқушылары 9-сынып оқушыларына «құрметсіздік көрсетті» деген себеппен шабуыл жасаған. Соққы салдарынан 9-сынып оқушысы оқиға орнында көз жұмды.

Сот барысында кәмелетке толмаған айыпталушылар өз кінәсін ішінара мойындап, өкініш білдірді. Үкім шығару кезінде олардың жасы жеңілдететін мән-жай ретінде ескерілді, ал «Б», «Т», «Ж», «Ж-1» және «Қ»-ның қылмысты ұйымдастырудағы белсенді рөлі ауырлататын жағдай деп танылды.

Үкімге сәйкес:

  • «Б» және «Т» — ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 2-бөлігі 1,3-тармақтары және 28-бабы 3-бөлігі, 106-бабы 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, кәмелетке толмаған «Т»-ның заңды өкілінен жәбірленуші тарапқа моральдық зиян өтемі ретінде 5 млн теңге өндірілді.

  • «М» — ҚР ҚК 106-бабы 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды.

  • «Қ», «Ж» және «Ж-1» — ҚР ҚК 293-бабы 2-бөлігі 1,3-тармақтары бойынша кінәлі деп танылып, 1 жылға бостандығын шектеу жазасына кесілді. Ал ҚК 28-бабы 3-бөлігі мен 106-бабы 3-бөлігі бойынша кінәлілігі дәлелденбегендіктен, олар ақталды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#сот #кінә
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Кітап оқудың маңызы зор

Кеше 17:28

Қазақстанның төрт боксшысы Әлем кубогі финалына шықты

Кеше 15:44

Ақтауда екі жұмысшы тұз қышқылынан күйіп қалды

Кеше 14:43

Трамп қатысқан қабылдауда қарулы адам шабуыл жасады

Кеше 12:24

Жексенбіде еліміздің басты қалаларында ауа райы қандай?

Кеше 11:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика