конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Ақтөбе облысының экс-әкімі 8 жылға сотталды

Ақтөбе облысының экс-әкімі 8 жылға сотталды

Заң мен тəртіп 10.10.2023, 15:21 1,169
Ақтөбе облысының экс-әкімі 8 жылға сотталды
Сурет: Ulysmedia.kz

Ақтөбе Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының бұрынғы басқарма төрағасы әрі Ақтөбе облысының бұрынғы әкіміне үкім шықты.




Ермек Имантаевқа қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша (сеніп тапсырылған бөтен мүлікті аса ірі мөлшерде ұрлау) айып тағылып, іс сотта қаралған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.


Сотта Имантаевтың Ақтөбе ӘКК басқарма төрағасы бола тұра, «Садовое» тұрғын үй алабында орналасқан көлемі 24 га жер учаскесін, бағасын 10 есе түсіріп заңсыз түрде сатқаны анықталған.



“Сотталушы жердің нарықтық құнын қасақана 20 млн теңгеге дейін төмендетіп, жер учаскесі туралы жалған ақпарат ұсынып, төлемдің жасалмағанына қарамастан, жалған сатып алушы С.-пен заңсыз сатып алу-сату келісімшартын жасаған. Әрі қарай, жер учаскесі жалған тұлға С.-қа қайта рәсімделіп, жердің нысаналы мақсаты «жеке тұрғын үй құрылысынан»  «көпқабатты тұрғын үй құрылысына» өзгертілді. Жалған тұлға С.-пен жердің 17,2 га көлеміндегі бөлігі Батыс-3 мөлтек ауданындағы 4 жер учаскесіне кейін тұрғын үй салушыларына сату үшін айырбасталған”, – деп хабарлайды Ақтөбе соты.



Имантаевтың тапсырмасымен жалған тұлға С. жоғарыда аталған Батыс-3 мөлтек ауданындағы 3 учаскесі және «Садовое» тұрғын үй алабындағы қалған 2,3 га көлеміндегі жер учаскесі үшінші тұлға К.-ге қайта рәсімделген. Жер учаскесін заңсыз сатқан Е.Имантаев АҚ тұлғасы ретінде мемлекетке 199,4 млн теңге сомасына аса ірі мөлшерде залал келтірген.


Сотталушының кінәсі куәлардың айғақтарымен, сараптама қорытындыларымен және басқа да дәлелдемелер жиынтығымен расталған. Прокурор соттан Е.Имантаевқа мемлекеттік қызметте қызмет ету құқығынан өмір бойына айыра отырып, 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.


Сотталушы Имантаев өзіне тағылған айыппен келіспеген.


Соттың үкімімен Ермек Имантаев кінәлі деп танылып, оған мемлекеттік қызметте қызмет ету құқығынан өмір бойына айыра отырып, 8 жыл мерзіміне бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Азаматтық талап қанағаттандырылып, сотталғаннан мемлекет пайдасына 199,4 млн теңге өндірілді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ақтөбе облысы #әкім #істі болу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы экобекеттерінде жыл басынан бері көлік шығарындыларының белгіленген нормадан асқан 13 мыңнан астам жағдайы анықталды

Бүгін 17:01

Алматы педагогі «Ұстаз мәртебесі – Ұлт мерейі» республикалық байқауының жүлдегері атанды

Бүгін 16:55

Жаңа Конституцияны диалог пен шығармашылық арқылы жүзеге асыру: Алматыда ауқымды жастар науқаны өтуде

Бүгін 16:29

Алматыда Медеуден Шымбұлаққа дейінгі аралықта инженерлік инфрақұрылым құрылысы жалғасуда

Бүгін 16:16

Алматыда Ұлттық домбыра күні мен Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама дайындалды

Бүгін 15:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);