AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Ақтауда екі жұмысшы тұз қышқылынан күйіп қалды

Ақтауда екі жұмысшы тұз қышқылынан күйіп қалды

Оқиға 26.04.2026, 14:43 546
Ақтауда екі жұмысшы тұз қышқылынан күйіп қалды

Ақтауда «МАЭК» ЖШС-нің екі қызметкері №1 цехта тұз қышқылы ерітіндісімен жұмыс істеу кезінде күйік алды, деп хабарлайды Aqshamnews.kz тілшісі «Ақ Жайыққа» сілтеме жасап.

Маңғыстау облысының мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментінің мәліметінше, оқиға 23 сәуір күні сағат 10:30-да №1 цехта болған.

Алдын ала дерек бойынша, қызметкерлер негізгі конденсаторды қышқылмен шаю жұмыстарын жүргізген. Тұз қышқылы ерітіндісі сорғы арқылы шлангпен берілген. Жұмыс аяқталып, жабдық өшірілгеннен кейін шлангты ажырату кезінде ерітінді атқылап не шашырап кеткен. Салдарынан қышқыл тамшылары жұмысшылардың беті мен көзіне тиген.

Зардап шеккендер медициналық көмек көрсету үшін Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді.

Еңбек инспекциясының хабарлауынша, жұмыс беруші жазатайым оқиға туралы ведомствоға белгіленген тәртіппен хабарлаған.

Қазір жарақаттың ауырлық деңгейі туралы медициналық қорытынды күтіліп отыр. Егер ауыр немесе топтық жазатайым оқиға белгілері анықталса, тергеу мемлекеттік еңбек инспекторының қатысуымен арнайы тәртіпте жүргізіледі.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда кітап ұсыну акциясы өтті

Кеше 23:13

Мемлекет басшысы Қазақстанда жасанды интеллектінің дамуына үлес қосқаны үшін Дженсен Хуангты І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады

Кеше 19:09

NVIDIA жетекшісі Президенттің жаңа өнеркәсіптік революцияның бастапқы кезеңінде Қазақстанды жасанды интеллект елі ретінде өркендету жөніндегі стратегиялық мақсатын жоғары бағалады

Кеше 19:05

Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады

Кеше 18:59

Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады

Кеше 18:46
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);