АҚШ шетелдік көмек бағдарламаларының барлығын дерлік 90 күнге тоқтатып тастады.
Бұл туралы жергілікті Политико газеті жазды, деп хабарлайды aqshamnews.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.
Десе де басылымның хабарлауынша, америкалықтар Мысыр мен Израильге қаржылай көмек көрсетуін жалғастыра береді. Еврей елі АҚШ-тан жыл сайын шамамен 3 жарым миллиард доллар, ал Мысыр бір жарым миллиардтай алып отырған. Бұған дейін Дональд Трамп қаржы бөлуді 90 күнге тоқтату туралы бұйрық берген еді. Бұл уақытта бағдарламалар АҚШ-тың жаңа әкімшілігінің саясатына сай келе ме, жоқ па - осы жағы анықталады.