АҚШ пен Қытайда ауа температурасы 50 градустан асты

АҚШ пен Қытайда ауа температурасы 50 градустан асты Сурет: ашық дереккөз

Әлемнің бірнеше елі қалыптан тыс жоғары температурадан зардап шегіп отыр. Бұдан бөлек, Еуропаның оңтүстігінде, сондай-ақ АҚШ пен Қытайда ауа температурасы 50 градустан жоғары көтерілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ВВС-ге сілтеме жасап.


Синоптиктер температура аптаның ортасына дейін көтеріледі деп санайды.


Болжамға сәйкес, сәрсенбіге қарай Италиядағы Сардиния аралының оңтүстігінде ауаның температурасы 46°C болады, ал құрлықтық Италияның оңтүстігінде ең жоғары температура - 43°C.


Соңғы болжамға сәйкес, Испанияның оңтүстігінде максималды температура 46°C, ал Францияның оңтүстігінде - 40°C жетеді.


АҚШ-тың оңтүстік-батысында да аптап ыстық болады. Метеорологтар 38 қалада температура рекорды жаңаруы мүмкін деп ескертті.


Ұлттық метеорология қызметінің мәліметінше, жексенбіде Лас-Вегаста (Невада штаты) температура 46,6°C-қа жетті.


Аризона штатының Феникс қаласында ауа температурасының рекордтық 47,2°C дейін көтерілетіні болжанып отыр.


Жексенбіде ең жоғары температура Калифорниядағы Өлім алқабында тіркелген. Ғаламшардағы ең жылы жерлердің бірінде 53,9°C ыстық болды.


Мамандар жылу толқынының басты проблемасы күндізгі ауа температурасының жоғарылауында емес, түнде жеткілікті түрде төмендемейтінінде деп санайды.


Жақын арада, Аризонадағы түнгі температура 32°C-тан төмендемейді деп болжанып отыр.


Британдық метеорологиялық орталықтың мәліметінше, жексенбіде Қытайда ел тарихындағы ең жоғары температура тіркелді - Шыңжаң провинциясында термометр бағанасы 52,2°C дейін көтерілді.


Оңтүстік Кореяда ауа райының күрт өзгеруінен нөсер жауын жауып, көшкін мен су тасқынына ұласты, ал Жапонияда кем дегенде 60 адамға ыстық өтті.


Жапон аралдарындағы рекордтық температура (41,1°C) 2018 жылы Кумагая қаласында тіркелген. Биылғы жазда алдыңғы рекорд жаңаруы әбден мүмкін.


БҰҰ-ның мамандандырылған бөлімшесі - Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым Жерорта теңізі аймағында қалыптасқан жылу ағымдағы аптаның ортасына қарай күшейіп, тамыз айында жалғасатынын ескертті.


Келесі аптада Мароккода температура 49°C дейін көтерілуі мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:01

15:10

14:15

12:31

11:47

11:18

17:13

16:34

16:33

16:32

16:30

16:29

16:27

16:26

16:22

16:18

16:17

16:11

16:09

16:02

15:50

15:47

15:44

15:36

15:21