Аптаптан қалай қорғанған дұрыс? Дәрігер кеңес берді 

  • 15:04, 17 маусым 2025
Аптаптан қалай қорғанған дұрыс? Дәрігер кеңес берді  Сурет: exclusivtv.md

Жазғы аптап тек жайсыздық қана емес, денсаулыққа тікелей қауіп төндіруі мүмкін. №36 қалалық емхананың жалпы тәжірибе дәрігері Қарлығаш Қалиева күн өтудің және ыстық өтудің айырмашылығын, кім үшін ыстықтың аса қауіпті екенін, күннен қорғайтын кремді қалай дұрыс қолдану керек екенін және ыстықтан сақтанудың жолын айтып берді, - деп хабарлайды aqshamnews.kz. 

Маманның айтуынша, күн өту - бастың қатты қызып кетуі, көбіне бас киімсіз тікелей күн сәулесінің астында ұзақ болудан болады. Ал ыстық өту - ағзаның жалпы қызып кетуі, ол терморегуляцияның бұзылуына байланысты болады. Ыстық өту тіпті көлеңкеде, әсіресе ауасы тар, желдетілмейтін бөлмеде немесе көлікте орын алуы мүмкін.

Ыстық ауа райы кезінде қауіп тобындағылар:
- Қарт адамдар
- Төрт жасқа дейінгі сәбилер
- Жүкті әйелдер
- Жүрек-қан тамыр аурулары, семіздік, қант диабеті, өкпенің созылмалы аурулары бар науқастар.
Сондай-ақ кейбір дәрі-дәрмек, мәселен, зәр айдайтын дәрі, бета-блокатор, антидепрессант қабылдайтын адамдар үшін ыстық ауа райы қауіпті болуы мүмкін.

Күн өту мен ыстық өтудің алғашқы белгілері:
- Әлсіздік
- Бас айналу
- Бас ауруы
- Жүрек қағысының жиілеуі
- Жүрек айну, құсу
- Дене қызуының 40°С және одан жоғары көтерілуі
- Тері құрғауы, беттің қызаруы
- Есінің шатасуы, тіпті есінен тану.
Мұндай белгілер байқалған жағдайда дереу көмек көрсету керек.

Дәрігердің кеңесі бойынша бұның алдын алу үшін:
- Күннен қорғайтын кремді көшеге шығардан 15-20 минут бұрын жағып, әр екі сағат сайын және суға түскеннен кейін жаңартып отыру керек.
- Ерекше көңіл бөлетін жер, әсіресе жағажайда: бет, мойын, құлақ, қол, иық, ашық кеуде тұсы және аяқ
- Ересектерге SPF 30-дан төмен емес, ал балаларға SPF 50 және одан жоғары крем қолдану ұсынылады.

Тамақтану мен су ішу тәртібі:
- Алкоголь, тәтті газды сусын, энергетик пен қою кофе ішпеген жөн - олар ағзаны сусыздандырады.
- Ауыр және майлы тағамнан бас тартып, жеңіл әрі су мөлшері көп тағамды тұтынған дұрыс.
- Әр 15-30 минут сайын аз-аздан салқын су ішіңіз.
- Қантсыз морс, компот, лимон мен жалбыз қосылған су да пайдалы.
- Ас құрамына шырынды жеміс пен көкөніс - қарбыз, қауын, қияр қосқан жөн.

Сақтық шаралары:
- Ашық түсті, кең, табиғи матадан тігілген киім киіңіз.
- Міндетті түрде бас киім киіңіз.
- Сағат 11:00-ден 16:00-ге дейін күн астында жүрмеген дұрыс.
- Көлеңкеде немесе салқын жерде болған абзал.
- Үйді жиі желдетіп, желдеткіш пен кондиционер қолданыңыз.
- Сыртта шамадан тыс физикалық белсенділіктен аулақ болыңыз.
- Бала мен жануарларды жабық көлікте қалдырмаңыз - бұл өте қауіпті, тіпті өлімге әкелуі мүмкін.

Егер қызып кету орын алса:
- Көлеңкеге немесе салқын жерге барыңыз.
- Артық киімді шешіңіз.
- Бетіңізді, мойныңызды, білегіңізді суық сумен сулаңыз.
- Бас пен қолтыққа салқын компресс қойыңыз.
- Жатып, аяғыңызды сәл көтеріңіз.
- Суық суды аз-аздан ішіңіз.
- Егер адам есінен танып қалса - 103 нөміріне хабарласып, жедел жәрдем шақыру қажет.

«Ыстық өту тез дамиды және ауыр зардапқа - тіпті комаға әкелуі мүмкін. Әсіресе, балалар мен қарттарға ерекше назар аудару қажет. Жазда аурудың алдын алу - оны емдеуден әлдеқайда тиімді», - дейді дәрігер Қарлығаш Қалиева.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:52

17:31

17:14

16:11

15:46

15:27

15:21

15:10

15:04

14:41

14:32

12:39

12:36

12:28

11:55

11:43

11:02

10:42

10:38

10:29

10:21

10:16

10:05

09:46

09:26