AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Әнуар Ақылбеков Қазақстанға роллер-спорттан әлем к...

Әнуар Ақылбеков Қазақстанға роллер-спорттан әлем кубогындағы алғашқы алтынды әкелді

Спорт 14.08.2026, 12:50 377
Әнуар Ақылбеков Қазақстанға роллер-спорттан әлем кубогындағы алғашқы алтынды әкелді
Алматы әкімдігі

Роллер-спорт 14-тен астам бағытты біріктіреді, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматылық спортшы Әнуар Ақылбеков Қытайдың Лишуй қаласында өткен роллер-фристайлдан әлем кубогы кезеңінде топ жарып, алтын медаль иеленді. Бұл Қазақстанның роллер-спорттан әлем кубогы кезеңдеріндегі жарыстар тарихындағы тұңғыш алтыны. Бұл туралы Алматы қаласы Спорт басқармасының өкілдері хабарлады.

Лишуйде өткен халықаралық дода World Skate ұйымының қолдауымен ұйымдастырылып, оған әлемнің түкпір-түкпірінен 200-ден астам мықты спортшы қатысты. Олар роллер-фристайлдың Classic Slalom, Speed Slalom, Pair Slalom, Battle, Jump және Slides сынды бірнеше бағыты бойынша өзара бақ сынады.

Қазақстандық спортшы Slides бағытында үздік нәтиже көрсетіп, жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Бұл дисциплинада спортшылар роликті конькимен күрделі техникалық сырғанау элементтерін шеберлікпен орындайды. Жарыс барысында спортшылардың элементтерінің күрделілігі, жылдамдығы, дәлдігі мен орындалу сапасы бағаланады.

«Бұл біз үшін үлкен жеңіс. Спортымыздың тарихын өзіміз жазып, ең ірі халықаралық жарыстарда Қазақстанның туын көтеріп жүргенімізге өте қуаныштымын. Алға қарай қадам басып келеміз», – деді Әнуар Ақылбеков.

Маусымдағы маңызды халықаралық жарыстардың біріне дайындықты алматылық спортшылар Halyk Arena аумағында өткізді. Мұнда жаттығу процесіне қажетті барлық жағдай жасалған.

Роллер-спорт 14-тен астам бағытты біріктіреді. Бұл спорт түрі Дүниежүзілік және Азия ойындары секілді ірі халықаралық көпсалалы жарыстардың бағдарламасына енгізілген.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әділет» партиясының кандидаттары Caspian Beverage Holding ұжымына Алматы қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасын таныстырды

Кеше 20:51

«Әділет» партиясының кандидаттары колледж ұжымын сайлауалды бағдарламасымен таныстырды

Кеше 20:47

Бас прокуратурада «Заң мен тәртіп» принципінің жүзеге асырылуы талқыланды

Кеше 20:45

Арман Қырықбаев Францияның Қазақстандағы елшісі Сильван Гиогемен кездесті

Кеше 19:13

Халықаралық конференцияның ашылуы: «Заң мен Тәртіп» қағидатын іске асырудағы жаңа сын-қатерлер мен шешімдер

Кеше 18:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);