Әнші әрі қоғам қайраткері Алма Аманжолова Алматыда референдумда дауыс берді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Алматыда жалпыхалықтық референдумға әнші әрі қоғам қайраткері Алма Аманжолова қатысып, дауыс берді. Ол өзі тіркелген референдум учаскесіне келіп, таңдау жасады.
«Референдумға қатысу — әр азаматтың ел болашағына деген жауапкершілігін сезінуі. Әрқайсымыз өз дауысымыз арқылы мемлекетіміздің даму бағытын айқындауға үлес қосамыз», — деді Алма Аманжолова.
Еске сала кетейік, 15 наурыз күні Қазақстанда жаңа Конституция жобасына қатысты республикалық референдум өтіп жатыр. Алматыда референдум өткізу үшін 653 учаске ашылып, олар сағат 7:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді.