AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Анкарада қазақ шығармалары таныстырылды

Анкарада қазақ шығармалары таныстырылды

Әлем 03.11.2021, 08:07 1,324
Анкарада қазақ шығармалары таныстырылды
Сурет: Мgpu.ru

Анкара кітап көрмесіне қатысуындағы басты мақсат – түрік оқырманына қазақ авторларының шығармаларын таныстыру.


Түркия астанасы Анкара қаласында 16-шы халықаралық кітап көрмесі аяқталды6 деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


ҚазАқпараттың ақпаратына сәйкес, көрмеге Қазақстан «қонақ ел» ретінде қатысып, оқырманға қазақ қаламгерлерінің шығармалары таныстырылды.


Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Абзал Сапарбекұлының айтуынша, еліміздің Анкара кітап көрмесіне қатысуындағы басты мақсат – түрік оқырманына қазақ авторларының шығармаларын таныстыру.



«Биыл Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойын атап өтіп жатыр. Осы орайда мұндай келелі іс-шаралар екі елдің мәдени-ғылыми байланыстарын одан әрі күшейте түсетіндігі сөзсіз», - деді Елші.



2005 жылдан бері жылына екі рет өткізілетін Анкара кітап жәрмеңкесі аясында Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор Әділ Ахметовтің «Колумб дәуірінен бұрынғы америкалық «үндістердің» алтайлық тегі», белгілі жазушы Кенан Коч пен Аябек Байниязовтің «Түрікше-қазақша, қазақша-түрікше сөздігі», Нұрғали Ораздың түрікшеге аударылған «Қазығұрт оқиғалары», Орхан Сөйлемез, Аябек Байниязов және Шапағат Жалмановтың «Ақындардың көзімен – домбыра», Бауыржан Қарағызұлының «Крават» өлеңдер жинағы, қазақтың ұлы ақыны Жамбыл Жабаевтың «Көроғлы дастаны», Мәлік Отарбаевтың «Юнус Эмре» жырлары, жазушы ғалым Куршад Зорлуның «Нұрсұлтан Назарбаев Ұлы даланың рухани жаңғыруы», «Ақындардың көзімен – Абай», Әбіш Кекілбаевтың түрікшеге аударылған кітабы таныстырылды.


Сондай-ақ көрме аясында Қазақстанның Түркиядағы Елшілігі және Анкара Хаджы Байрам Вели университетінің бірлесіп ұйымдастырумен қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған ғылыми конференция өтті. Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орайластырылған конференцияны ашқан Елші Абзал Сапарбекұлы Жамбылдың қазақ әдебиеті мен адамзат тарихындағы орны ерекше екендігіне тоқталды.



«Ұлы Дала Гомері атанған Жамбыл көзі тірісінде-ақ әлемге әйгілі болып, құрметке бөленді. Өз ұлтының рухани қазынасын, Ұлы даланың терең философиясын жырларында көрсете білген Жамбыл ескі мен жаңаны ұштастыра білген», - деді ол.



Конференцияда түріктің бірнеше ғалымы Жамбыл өмірі мен шығармашылығы туралы баяндама жасады. Іс-шара соңында қатысушыларға Қазақстанның Түркиядағы Елшілігінің қолдауымен басылып шығарылған кітаптар тарту етілді. Айта кетейік, бұған дейін Италия, Франция, Иран және Ресей бұл көрмеге «қонақ ел» мәртебесінде қатысқан болатын. Ал бұл жолы Қазақстан «қонақ ел» ретінде қатысып жатқан 16-шы Анкара халықаралық кітап көрмесіне 350 жазушы, 174 баспа үйі ат басын бұрып, 100 мыңнан астам кітап оқырман назарына ұсынылды. Сонымен қатар көрме аясында 43 жазушымен кездесу өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Анкара #Қазақстан #қаламгер #шығарма #Көрме
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық Аралды құтқару қоры құрылтайшы мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысын өткізді

Кеше 20:42

Бұралқы иттер мәселесі: қазақстан аулау, стерильдеу, вакцинациялау және босатудан неге бас тартқалы отыр?

Кеше 20:37

Бұтақтыда экологиялық акция өтті: алматылық жастар «Бұлақ көрсең, көзін аш» акциясына қатысты

Кеше 20:31

Мемлекет басшысы: «Жер шарын қорғау – ортақ міндетіміз. Бүгінгі саммит бізге осыны көрсетеді»

Кеше 18:16

Алматыда ушу-саньдадан Қазақстан чемпионаты басталды

Кеше 18:10
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика