Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
Референдум 00 күн 00 : 00 : 00
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Референдум 00 күн 00 сағ 00 мин 00 сек
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Анимацияны дамыту мәселесін қолға алу керек

Анимацияны дамыту мәселесін қолға алу керек

Әлеумет 27.03.2025, 17:29 680
Анимацияны дамыту мәселесін қолға алу керек
Сурет видео скрині

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бурабайда өткен кешегі Ұлттық құрылтайда кино болсын, мультфильм болсын, екеуі де нағыз идеологиялық құрал екенін атап өтті. 

Бірақ алдымен санға емес, сапаға көңіл аудару керектігін баса айтты. Себебі, зорлық-зомбылықты, қатыгездік пен қылмысты насихаттайтын фильмдер пайда болды деді Президент. Сондықтан осы бағытта жүрген әріптестерге жауапкершілік жүгі артылып тұрғаны анық.

Мемлекет басшысы қазақша, ұлттық нақышта түсірілген мультфильмдер көп болуы қажет деді сосын. Сондай-ақ анимацияны дамыту мәселесін қолға алу керек екенін тілге тиек етті. Біз, қызым - жас режиссер-аниматор Маржан Жұбаныш екеуміз бірнеше жылдан бері ұлттық анимацияның көсегесі көгерсе екен деп тынбай еңбек етіп келеміз.

Енді мемлекеттік деңгейде көңіл бөлінетін болса, бұл жаңалық бізге екі есе шабыт сыйлайтыны анық. Бұған дейін “Бәс”, “Шаңырақтың иесін іздеп жүрмін”, “Балалы үй - базар”, “Сауға”, “Қошақан” атты мультфильмдерімізді кішкентай көрермендер жылы қабылдаған-ды.

Президент айтқан ұлт болашағына тікелей ықпал ететін балалар контентін көбейту жолындағы жұмысымыз одан әрі күш алатын шығар енді деп көңіліміз аспандап қалды.

Үміт ЖҰБАНЫШ, суретші-безендіруші, Қазақстан Суретшілер одағы мен Кинематографистер одағының мүшесі

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ұлттық құрылтай #балалар #анимация
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Аты аңызға айналған опера әншісі Бибігүл Төлегенова Алматыда өткен референдумға қатысты

Бүгін 16:11

Алматыдағы кейбір референдум учаскелерінде әйелдерге гүл сыйланды

Бүгін 16:07

Референдумдағы «пингвин»: Алматыдағы учаскеде ерекше дауыс беруші көзге түсті

Бүгін 16:04

Референдум күні фейктер мен арандатулар: манипуляцияның құрығына түспеудің жолдары қандай?

Бүгін 15:53

Қазақстанның танымал дзюдошылары Чехияда дауыс берді

Бүгін 15:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика