Андрей Голубев алғаш рет мастерс турнирінің жартылай финалына шықты

Андрей Голубев алғаш рет мастерс турнирінің жартылай финалына шықты Сурет: Inform.kz

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Андрей Голубев Индиан-Уэллс мастерс турнирінің жартылай финалына шықты


Қазақстандық теннисші германиялық Александр Зверевпен бірге ширек финалда америкалықтар Тэйлор Фриц – Томми Полмен шеберлік байқасты. Қазақстандық-америкалық жұп 6:4, 7:6 (7:3) есебімен жеңіске жетті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 


Олар сағат жарымға жуық уақытқа созылған матч барысында 6 эйс жасап, 4 брейк-пойнттың біреуін пайдаланды. Қарсыластары 6 эйске қол жеткізгенімен, 5 брейк-пойнтты мүлт жіберді.


А.Голубев пен А.Зверев жартылай финалда америкалықтар Джон Изнер – Джек Сок немесе испаниялық Филисиано Лопес – грекиялық Стефанос Циципас жұптарының қай жеңгенімен кездеседі. Андрей Голубев осыған дейін жекелей және жұптық сында мастерс жарыстарында жартылай финалда ойнамаған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

10:46

10:38

10:21

10:10

10:05

09:58

09:46

09:35

09:27

09:15

09:00

08:33

17:25

16:16

15:55

14:44

12:51

11:46

10:28

09:20

19:56

17:41

16:38

15:06

14:32