AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдени Алматы / «Ана- гүл, Ана -жыр, Ана- өмір шуағы»

«Ана- гүл, Ана -жыр, Ана- өмір шуағы»

Мәдени Алматы 06.03.2025, 16:22 1,488
«Ана- гүл, Ана -жыр, Ана- өмір шуағы»
almaty-akshamy.kz

Алатау аудандық Оқушылардың  Инновациялы  шығармашылық орталығында  аналар мерекесіне арналған «Ана-гүл, Ана-жыр, Ана-өмір  шуағы»  атты бүлдіршіндердің шығармашылық концерті өтті.  Алматы қаласы мектепке дейінгі білім беру ұйымының тікелей ұйтқы болуымен өткен өнер мерекесіне Алатау ауданының 21 бөбекжай-балабақшасы қатысып, өз өнерлерін ортаға салды.  Аталмыш  кеш  «Анашым, сізге мың алғыс» атты көрмемен басталды.    

Кештің мазмұнына сай қызылды-жасылды гүлмен көмкерілген сахна  көктемнің келгенін білдіріп тұрғандай.  Осынау сәтте  кең  залды   құстың   әні кернеп,   наурызек құстың үні естілді.   Ерекше әсермен  осылай  басталған кеш  балаларының өнерін тамашалауға  келген  ата-аналардың   көңілін көтеріп, жанын жадыратты.

Аталмыш кешті   №183 бөбекжай-балабақша  «Гүлдер» биімен ашты.

Ананың  ұлылығы  туралы «Ана» өлеңін  оқыған  №153 балабақша бүлдіршіндеріне көпшілік ризашылық білдірді.   Кеш барысында    №76 балабақша өнерпаздары  «Әдемі ана», №1балабақша  «Дарите женщинам цветы»,  №4 балабақша  «Абзал ана», №177 балабақша  «Ана мен бала», №148 балабақша  «Ана өмір  гүлі»  №31 балабақша «Ана мен бала»,  №165 балабақша «Анашым-ай» әнін орындады.   Бірнеше аспаптың  үніне қосылған  №150 бөбекжай өнерпаздары  «Астана-думан»  шығармасын  орындады.  Келесі кезекте №148 балабақшаның кішкентай бишілері  «Ержүрек қыздар» биін,  №78 бөбекжай-балабақша «Әке мен бала»,  №120 балабақшаның бишілері  «Қуыршақтар»,   №161 балабақша  «Текемет»,  №95 балабақша « Алатау» биін биледі.

Бұл кеште көне аспаптардың да күмбірі естіліп,  №130 балабақша балақайлары  халық әні  «Илигай сәулемді» шертермен қосыла шырқады.   Сонымен қатар, №164 балабақша  қазақ күйлерінен,  ал   №84 бөбекжай-балабақша  «Ана туралы»  әндерден орындаған папурилері де  сәтті шықты.  

№197 балабақша  «Келші, келші, балашым!»

Кеш  Алатау аудандық білім бөлімінің мектепке дейінгі мекеме бас маманы Мәншүк Сәпинқызы мен балабақша меңгерушілері  қосыла шырқаған   «Алғыс әнімен өз мәресіне жетті.

 

 

 Тақырыпқа орай:

Әлия Жолдасбекқызы, қалалық Білім басқармасының мектепке дейінгі бөлімінің басшысы:

-  Көктем мерекесіне, абазал аналарымызға Алатау ауданы білім бөлімі үлкен тарту жасап отыр.  Осы кеш барысында «Бала-Балабақша -Ата-ана» үштігінің тығыз байланыста екеніне куә болдық. Осынау кеш бойы  тақымын қысқан ата-аналардың қуанышына куә болдық. «Бұлақ көрсең, көзін аш» демекші қаншама талантты балақайдың үлкен сахнадағы алғашқы тұсауы кесілді. Ата-аналардың қуанған сәтін көрудің өзі қуаныш. Біз сондай сәтке куә болдық.  Бұл-мектепке дейінгі мекеме қызметкерлерінің   тынымсыз  еңбегінің жемісі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Бала-Балабақша -Ата-ана #Бұлақ көрсең #көзін аш #балабақша
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Түйе үстінде 10 секундта 4 нысана: Алматы ипподромында әлемдік рекорд орнатылды

Бүгін 21:51

Наурыз жаңа форматта: мереке алғаш рет Алматы ипподромында өтті

Бүгін 20:02

Цифрлық Наурыз: Алматыда жасанды интеллект мерекелік бағдарламаға қалай енгізілді?

Бүгін 19:34

Ең үлкен шаңырақ: Алматыда Наурыз күндері әлемдік рекорд орнатылды

Бүгін 18:23

Алматы әкімі Наурыз мерекесі аясында ағаш егу жұмыстарына қатысты

Бүгін 16:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика